Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңіл орнына келді - АРҚА АЖАРЫ

Көңіл орнына келді

Халқымызда «Апат айтып келмейді» деген дана сөз бар. Расында, бүгінгі күні табиғаттың тосын мінезі күн ілгері болжанғанымен, кейбір төтенше жағдайдың алдын алу мүмкін емес.

Оған облысымызда үш жыл қатарынан орын алған су тасқыны айқын дәлел. Әсіресе, Ақмола жұртшылығы алдыңғы жылы Атбасарда, былтыр Целиноград ауданында орын алған жойқын су тасқынын әлі ұмыта қойған жоқ.  Екі жыл қатарынан көктем айларында ойрандаған қар суы ондаған тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды және бірқатар ауылішілік жолдарды шайып, жарамсыз етті. Бұған әрине, бір ғана облыстың өзі қарсы тұрып, келтірілген шығынды көтеру мүмкін емес еді. Осы орайда, Үкімет тарапынан бөлінген қаражат пен отандастарымыздың материалдық, моралдық көмегінің пайдасы зор дер едік.
Тағы бір табиғат апаты көктемде еріген қар суы емес, нөсер жаңбырдан келді. Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың 27, 28, 29 және 31 шілде күндері облыстың кейбір аудандарында нөсер жаңбыр (267,1 миллиметр) жа-уып, тұрғындарды біраз әбігерге салды. Бұл – жауын-шашынның бір жылдық нормасы. Әсіресе, өзге өңірлермен салыстырғанда Ерейментау ауданында жағдай қиын болды. Аудан орталығы Ерейментау қаласындағы Бөгенбай батыр, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Абылайхан, Кенесары тәрізді жиырмаға жуық көшенің бойындағы 17 үйді су алды. Осыған орай, аталған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерлерге шығарылып, №1 және №2 орта мектеп ғимаратына жайғастырылды. Жалпы, үйлерін су басқаны жөнінде 63 адамнан өтініш түскен. Су басқан үйлерде су сору жұмыстары қолға алынып, ерейментаулықтарға көмекке Целиноград, Аршалы және Ақкөл аудандарынан қосымша адамдар мен техника тартылды. Алайда, аудан әкімі Ермек Нұғыманов пен аудандық әкімдік тарапынан қолға алынған жедел шаралар болмағанда, суда қалған үйлердің саны жоғарыдағыдан көп болуы мүмкін еді.
Шығын көлемін анықтап, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында құрылған арнайы комиссия су шайған үйлердің тоғызын жарамсыз деп таныды. Бұған қоса, зардап шеккен отбасыларға көрсетілетін қаражат көлемі анықталды. Осыған сәйкес облыстық бюджеттен 19 296 000 теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 7 отбасы өтемақы ретінде бөлінген қаржыға басқа үй сатып алса, 2 отбасы өздеріне жайлы үй іздестіруде. Ал, үйлеріне нұқсан келген қалған отбасыларына табиғат апатынан келтірілген шығын көлеміне сай аудандық бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Сол күндері ауданға жедел жұмыс сапарымен барған облыс әкімі
Сергей Кулагин зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі деп уәде берген еді. Бүгін сол уәде орындалып отырған жайы бар. Осының айқын бір дәлелі, көп балалы ана, «Алтын алқа» алқасының иегері, еңбек ардагері
Фариза Сүлейменова төтенше жағдайлар кезінде қол ұшын созған облыс әкіміне аналық ақ алғысын жеткізіпті.  
– Су бірден үйіміздің ішін алып кетті. Дүние-мүлкіміздің барлығы суда қалқып, үйдің іргесі бұзыла бас-тады. Осы сәтте үлкен жауапкершілік танытқан әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметінің ширақ қимылы ғана көңілімізді жұбатқандай болды. Уақытында бөлінген қаражаттың арқасында үйлері жарымсыз деп танылған отбасылар тез арада басқа пәтерлерге кірсе, жөндеуге жарайтын үйлер де жылдам қалпына келтірілді. Сол үшін барлық зардап шеккен тұрғындар атынан қиын сәтте сүйеу болған басшыларға зор  алғысымды білдіремін, – дейді ол кісі бізбен хабарласқанда.
Сондай-ақ, «Заготзерно» шағын ауданында тұратын Марина Граф пен Алтынбақыт Рүстемованың да аяқ астында болған табиғат апаты кезінде шұғыл шаралар қабылдап, жанашырлық танытқан аудан басшылығына ризашылықтары аз емес. Бүгінде зардап шеккен тұрғындардың барлығына келтірілген шығын көлеміне қарай қажетті материалдық көмек көрсетіліп отыр.
Сонымен қатар, жаңбыр суы бұзып кеткен Ерейментау–Аршалы тас жолының 19 шақырымындағы Құмай өзені арқылы өтетін өткел де қалпына келтірілді. Қиын сәтте адамға қол ұшын созып, жақсылық жасау –  халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Ендеше, Ерейментаудағы осы бір біз тоқталған қуанышты жәйттер  ұзағынан сүйіндіргей.

Аслан ОСПАНОВ.

Суретте: Алтынбақыт Рүстемова қуанышымен бөлісуде.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар