Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлық мейрам - АРҚА АЖАРЫ

Ұлық мейрам

Қадірлі  жамағат! Қымбатты мұсылман қауым!
Ислам күнтізбесіндегі екі ұлық мейрамның бірі – Құрбан айт мерекесі барша мұсылмандар үшін аса қастерлі саналады. Аталмыш мерекені мұсылмандар шат-шадыман болып қуана тойлап, бірін-бірі құттықтап өткізеді. Сондай-ақ, адамдар туған-туыстары мен көрші-қолаңдарын шақырып, құрбандық шалып, айттау үрдіске айналған.
Алла Тағала:  «Сендер жақсы көрген нәрселеріңді жұмсамай жақсылыққа кенелмейсіңдер» деп құрбан айтында ең маңызды ғибадат  шамасы келген адамға құрбандық малын  шалып,  шариғат бойынша тарату екендігін жеткізді. Пайғамбардың (Алланың оған сәлемі болсын) хадисінде: «Парыз амалдан кейін Аллаға ең сүйікті амал мұсылманның жүрегіне қуаныш ұялату» деп атап көрсетілген. Аят пен хадиске амал қыла отырып, Алланың разылығын алуды нәсіп етсін.
Тәуелсіз елімізде бұл мереке мемлекеттік тұрғыда атала бастады. Сондықтан,   барша халықтың ең асыға күтетін  мерекесі деп те айта аламыз. Баршаңызға Құрбан айт мүбәрак болып, ниеттеріңіз қабыл болсын дегіміз келеді. Аспанымыз ашық болып, тыныштық пен татулықта өмір сүре берейік!
Қанат ҚЫДЫРМИН,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының Ақмола облысы бойынша
өкілі, Науан хазірет атындағы  Көкшетау орталық мешітінің бас  имамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар