Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалғыз дән далада қалмайды - АРҚА АЖАРЫ

Жалғыз дән далада қалмайды

Биылғы жылдың егін орағы диқандар қауымына жауапкершілік арта келді. Жаз  жаңбырлы болғандықтан кейбір алқаптарда егіннің әлі де пісіп үлгермегені байқалады.  Сондықтан, аудан диқандары егін орудың тәсілін де біршама өзгерткендей. Науқанның алғашқы күндерінен-ақ масақтың дені дестеге жығылды, қазірде оны жинау жұмысы жүріп жатыр.

 

«Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамының егіншілік департаментінің директоры Денис Плужниктің  айтуына қарағанда, жұмыс жоспары бәз баяғыдай, таң қараңғысынан басталып, ымырт үйіріле аяқталады. Егістік алқаптарға жақын маңда бірнеше вагондар орналасқан, оның бәрі электр қуатымен жылытылады. Сондай-ақ, екі асхана мен монша, салқындатқыш құралы да бар. Диқандар күніне төрт мезгіл тамақтанады.
Агроном-есепші Сәлмен Секербаев осы арада комбайншылардың атқарып отырған жұмыстары туралы айтып өтті. Мәселен, «Вектор» комбайнында ағайынды Бектас пен Асхат Күлмағамбетовтер маусымдық нормаларын асыра орындап, еңбек көрігін қыздыруда. Олардан Талғат Қылышбеков пен Жанат Шымыров та (1000 тонна) қалыспай келеді. Ал, Әкежан Сағатов болса, 800 тонна астық бастырды.
Ал, 40 тонналық астық жинағыш жылжымалы бункерге астық түсіріп отыратын Андрей Орлов та өз міндетін мінсіз атқаруда. Тәжірибелі механизатор Айып Шаутбаев (суретте) 3 тіркемелі К-700 тракторымен орылған егінді қырман басына тасымалдауда. Оның бір күндік нормасы 90 тонна. Жүргізушілер Керім Ілиясов, Абылай Оразалин мен Александр Длужневскийдің де көрсеткіштері жақсы.
Бригадир Орынбай Нұрмағамбетовты (суретте)  біз бұршақ өнімі алқабының басынан жолықтырдық. Бұл жерде де алымды шетелдік «Macdon» агрегаты жұмысты өндіртіп жатыр. Осыған орай диқандардың да көңіл-күйлері көтеріңкі. Кәсіпорынның тәжірибелі механизаторлары Дулат Күлмағамбетов, Виктор Форад пен  Серік Алтынбеков жұмысты ширата жүргізуде. Олар Жалғызқұдық ауылының алқаптарынан қысқа мерзім ішінде  (4500 гектар) өскен өнімді жинап алды. Гектар берекесі 15 центнерден айналуда. Бірақ, кейбір алқаптардан 25 центнерге дейін астық түсіп жатқан жайы бар.
Механизаторлар механик Абылай Смағұлов пен техник Жанат Айдосовтың еңбектеріне дән риза. Ортақ іске озат механизаторлар Амантай Балқабеков, Талғат Махметов пен Ермек Әшімовтер де  сүбелі үлестерін қосып жүр.
Бүгіндері диқандардың ширақ қимылдарының арқасында  25415 гектар егістік алқаптың 8 мың гектары орылып болды. Бұл жалпы дәнді дақылдар алқабының 30 пайызын құрап отыр.

Жанат  ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар