Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жобаның қатысушысы анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Жобаның қатысушысы анықталды

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан»  жастар қанаты  «Жастардың  кадрлық резерві» жобасының екінші іріктеу кезеңін өткізді.

Аталмыш жоба жастардың  қызмет жолын сәтті бастауға, олардың   болашағының нұрлы болуына септігін тигізуге бағытталған. Жобаға қатысуға ниет білдірген жастар  ереже бойынша  15-30 тамыз аралығында  www.rezerv.kz  ресми парақшасы    өз өтінімін беру қажет болатын. Осы тұста  30 өтінім түсіп, оның 15-і   сұхбаттасуға  келді.  Өз болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырған   тұлғалармен  «Жас  Отан» жас-тар қанаты  облыстық филиалының төрайымы Жанаргүл Жүнісова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов  және «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысқан, қазіргі таңда жеке кәсіпкер болып отырған  Рүстем Жанғұнақов  әр үміткермен жеке-жеке сұхбаттасты.
Комиссия  жастардың ой ұшқырлығының  қандай деңгейде екенін анықтау үшін әртүрлі бағыттағы сұрақтар қойды. Мәселен, болашаққа деген жос-парлары, өмірге деген көзқарастары, таңдаған мамандықтарына байланысты сауалдар қойылды. Ал, сұхбаттасу барысында  қатысушылар өз бойларындағы көшбасшылық, іскерлік қасиеттерін көрсетуге барынша талпынды.
Қорытынды бойынша  «Жастар кадрлық резерві» жобасына біздің облысымыздың  атын Расул Ементаев  таныстыратын болады. Ендігі кезекте, ол Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы академияда білім  көкжиегін  кеңейтеді.  Содан соң,  министрлікте немесе кез-келген ұлттық компанияда іс-тәжірибеден өтіп, кейін  қызмет бабымен жоғарылау мүмкіндігіне ие болады.        
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар