Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолың болсын жолаушы - АРҚА АЖАРЫ

Жолың болсын жолаушы

Облыстық көліктік бақылау инспекциясы  Көкшетау – Петропавл автожолында «Жолда қабылдау» атты дәстүрлі акцияны өткізді.

 

Көліктік бақылау инспекцияның басты міндеттері  автомобиль көлігімен жүк, ұсақ және қиыршық тастар, құм тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер тарапынан болатын Қазақстан Республикасының көлік заңнамаларының бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу болып табылады. Осыған орай, инспекцияның қызметкерлері  жүргізушілердің заң бұзушылық әрекеттерге бармауы үшін оларға түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды. Акция  барысында   жылжымалы пунктке тоқтаған әр жүргізушінің   тиісті құжаттары тексеріліп, олармен   құқықтарының  сақталуы жөнінде  түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ерболат Ерімбеттің айтуынша  ең жиі кездесетін  заң бұзушылық   түрі  заңда  рұқсат етілмеген салмақпен жүк тасымалдау болып табылады. Шектен тыс  жүк тасымалдаудың салдарынан инфрақұрылымға зиян келтіріліп,  жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді екен.  Ал, көлік бақылау бөлімінің басшысы Қабдірахман Шержанов жолдағы кейбір түйіткілдерді жергілікті атқарушы билік орындарына  жүргізушілердің  жеткізуге мүмкіндіктері бола бермейтіндігін, осындай акциялардың арқасында көліктік бақылау бекетінің  жұмысын жетілдіре  түсетіндігін тілге тиек етті.  Ал, айтылған ұсыныстар  бойынша тиісті қорытынды жасалады.   
Жыл басынан бері жылжымалы көліктік бақылау бекеттерімен 3319 автокөлік тексерілген. Оның ішінде көліктік заңнаманы бұзу бойынша 362 әкімшілік хаттама толтырылып, 26 миллион 971 мың теңге сомасында айыппұл салынған. Сондай-ақ, басқа  елдердің  жүргізушілерінен  Қазақстан Республикасының аумағынан  жүріп өткені үшін 61 миллион теңге көлемінде алым түсті.
 Айта кетерлігі, тасымалдаушылар заң бұзушылық жасағанда  инспекция қызметкерлерінің  заңды талабын орындаудан кейбір жағдайларда  бас тартады екен. Ал, осындай заңға қайшы әрекеттер үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын әр жүргізуші ұмытпағаны жөн.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар