Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көпшіліктің кәдесіне жараған... - АРҚА АЖАРЫ

Көпшіліктің кәдесіне жараған…

Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде құқықтық демократиялық зайырлы қоғам орнату жолына барлық жағынан дамып, іргелі мемлекетке айналды.

Бұл бағыттағы жұмыста біздер  Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Тілдер туралы» ҚР Заңын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа аламыз.  Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту әділет департаментінің басты міндеттерінің бірі болап саналады. Осыған орай,  департаментте біршама жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Әділет департаментінің персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімі барлық аудандық және қалалық әділет басқармаларының мелекеттік тілдегі кіріс-шығыс құжаттарының саны мен атқарылған жұмыстары туралы есептеріне тоқсан сайын талдау жасап отырады. Талдаудың қорытындылары  алдағы уақытта бұл тарапта заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында облыстың барлық аудандық және қалалық әділет басқармаларына жолданып тұрады. Әділет департаментінде шығыс құжаттары жүз пайыз қазақ тілінде немесе екі тілде рәсімделеді. Әділет органдарының қызметкерлері  мекемелермен хат алмасуды мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда ресми тілде  жүргізеді. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін өткізілетін конкурс мемлекеттік тілде жүргізіледі, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке орналасатын тұлғаларға мемлекеттік тілді білу талабы қойылады. Әділет департаментінің сенім телефоны да екі тілде жұмыс істейді.
Әділет департаментінің жанындағы терминологиялық секция мүшелері тоқсан сайын жиналып, әділет департаменті басшысы орынбасарының төрағалығымен терминологиялық секция отырысын өткізеді, сөз тіркестері мен сөздерді зерделеп Әділет министрлігіне өз ұсыныстарын жолдап отырады.     
Өткізілген іс-шаралар жөніндегі ақпарат Ақмола облысы Әділет департаментінің ресми веб-сайтына екі тілде орналастырылады. Бұған департамент  басшысы тарапынан тұрақты бақылау жасалады. Әділет органдары Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыстық әділет департаментінің басшысы бекіткен медиа-жоспар бойынша жұмыс істеп, көптеген іс-шараларды жүйелі түрде өткізу берік дәстүрге айналған. Биыл да сондай шаралардың жоспары бекітіліп, кесте бойынша орындалуда.  
Заң жүзінде мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілін меңгеру әрбір мемлекеттік қызметкердің, жалпы еліміздің барлық азаматтарының міндеті. Елбасымыздың  2020   жылға дейін еліміздің азаматтарының 90 пайызы мемлекеттік тілде сөйлей білуі керек деген тапсырмасы әділет органдарында әрдайым басшылыққа алынады. Оған жоғарыда атап өткен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар дәлел болады.
Гүлнәр СӘНИЕВА,
Көкшетау қалалық
әділет басқармасы
басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар