Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіл мәртебесі – ел мерейі - АРҚА АЖАРЫ

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Жыл сайын дәстүрлі түрде қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеу аясында  Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі тілдер апталығын өткізуді дәстүрге айналдырған.

«Достар» мәдениет сарайында өткен «Тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атты дөңгелек үстелде  мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мен үш тілді меңгеру жолында кездесетін келелі мәселелер кеңінен талқыланды. Іс-шараны қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Айгүл Әбішева жүргізіп отырды. Шараның басты мақсаты – еліміздегі  этносаралық бірлік пен татулықты насихаттау және өзге ұлттардың тілі мен мәдениетін құрметтеу арқылы, қазақстандық патриотизмді, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру.
Дөңгелек үстел басына жиналған «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов мемлекеттік тілдің аясында өзінің ой-толғаныстарын жеткізсе, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Сәуле Ескендірованың «Қазіргі таңда көптілді мамандарды даярлау» тақырыбындағы баяндамасында  екі тілді оқытудан үш тілді оқытудың айырмашылығы мен артықшылығы туралы мән-маңызына тоқталды.  
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығының» директоры Гүлдана Есмурзинаның айтуынша, мемлекеттік тілді үйрететін орталықтарға енгізілген «Қазтест» бағдарламасы – заман талабынан туындап отырған жаңа жүйе. Нақтырақ айтар болсақ, ол – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың отандық жүйесі, мемлекеттік тілді кеңінен насихаттайтын тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделген. Дөңгелек үстел барысында этно-орталықтардың төрағалары қоғамның дамуы жайында әңгіме өрбітіп, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.
«Достар» мәдениет сарайында өткен «Тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атты дөңгелек үстелдің соңында жиналған қауымның назарына «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты кітап көрмесі ұсынылып, бейнефильм көрсетілді.

 Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар