Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржы қымқырғандар жазаланды - АРҚА АЖАРЫ

Қаржы қымқырғандар жазаланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 12 қарашасында  «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Жаңа заңға қол қойған болатын. Ағымдағы жылдан бастап камералдық бақылау жүйесі енгізілді.

Мұндағы мақсат мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыздықтарды дер кезінде анықтап, жолын кесу болып табылады. Камералдық бақылаудың басқа да тиімділіктері зор. Өйткені, онда мекемелерді аралау болмайды, ешқандай іссапар шығындары жұмсалмайды. Ағымдағы жылдың
1 қаңтарынан бастап,  24 тамызы аралығында облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылауы арқылы жалпы құны 83,8 миллиард теңгенің 7112 мемлекеттік сатып алу процедуралары тексерілді. Оның ішінде әлеуетті жеткізіп берушілерден бас тартып, біліктілік талаптарына сай келмейтіндерді байқауға жіберу тәрізді 1077 бақылау нысанында жалпы құны 16,3 миллиард теңгенің мемлекеттік сату алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылғаны анықталды.
Осыған орай, Ақмола облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 677 бақылау нысанына заң бұзушылықтарды жою туралы ескерту жолданды. Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіндегі мәлімет бойынша құны 15,1 миллиард теңгенің 654 ескертуі орындалғаны туралы жауап алынса, оның ішінде 14,5 миллиард теңгені құрайтын 611 мемлекеттік сатып алу заңсыз деп танылды. Сондай-ақ, құны 565,4 миллион теңгенің 43 мемлекеттік сатып алу тиісінше ретке келтірілді. Ескертуді орындамаған лауазымды тұлғаға әкімшілік жауапкершілік ретінде 106 050 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ал, аудиторлық тексеріске келетін болсақ, жыл басынан бері жалпы құны 4,5 миллиард теңге бюджет қаражатын қамтитын 58 шара өткізілген.  Тексеріс барысында 2,4 миллиард теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде қаржылық заң бұзушылық 90,5 миллион теңгені, процедуралық бағытта заң бұзушылық 946,6 миллион теңгені және мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу 1,3 миллиард теңгені құрады.
Бюджеттік заңнама талабына сәйкес, жалпы анықталған қаржылық заң бұзушылықтың 41,2 миллион теңгесін қалпына келтіруге және орнын толтыруға болады. Аудиторлық шаралардың нәтижесі бойынша есептік кезеңде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы аудит нысандарына 53 жазбаша ескерту жолданды. Оның 52-інде заң бұзушылықтар толық жойылды. Біреуінде  біртіндеп жойылып келеді.
Жазбаша ескертуге сай аудит нысанының 58 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  Оның ішінде 3 адамның қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар, жалпы құны 3,3 миллион теңге көлемінде лауазымды тұлғаларға айыппұл төлету туралы 39 хаттама толтырылды. Оның 3,2 миллион теңгесі бюджет кірісіне қайтарылды. Департаментпен есептік кезеңде процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына құны 74,6 миллион теңгені құрайтын екі материал жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Оспан ОМАРОВ,
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар