Көкшетау қаласының азаматтық қорғаныс жөніндегі көп салалы колледжінде «Жас Отан» жастар қанатының кубогы үшін «Әлем. ХХІ ғасыр» облыстық дебаты өткізілді.
Аталмыш шараға Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен қала колледждерінің білім алушылары және мектеп оқушылары қатысты.
Қазақ және орыс лигасы болып бөлінген пікір сайысқа барлығы 32 команда бақ сынады. Тартысты өткен ойынның нәтижесі бойынша бірінші орынды жоғарыда аталған университеттердің студенттерінен құралған «Көкше Алашы» және «Стас ждет» командалары иеленді. Екінші орынды қазақ педагогикалық колледжінің «Ұлы дала ұрпағы» және Абай Мырзахметов атындағы университетінің «Мозговые орешки» командалары өзара бөліссе, үшінші орынға осы университеттің «Ашық айтамыз» және «Ланестеры» командалары лайық деп танылды. Ойын барысында ерекше сөз саптауларымен көзге түскен Абай Мырзахметов атындағы университтің білім алушылары Ерқанат Нұрахметов пен Әсел Жұмағұлова үздік спикер аталымын жеңіп алды.
Аталмыш пікірталас жарысында бірінші орыннан көрінген командалар Астана қаласында өтетін «Нұр Отан» партиясының кубогына арналған республикалық ойында бақтарын сынайтын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.