Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Үміт – 2016» - АРҚА АЖАРЫ

«Үміт – 2016»

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үміт- 2016» атты көркемсурет және қолданбалы өнер туындыларының көрмесі мен облыстық байқауы болып өтті.

 

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде жазаларын өтеп жүрген сотталушылардың салған суреттері мен қолданбалы өнер туындылары ұсынылған «Үміт» көрмесі мен облыстық байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.  
Аталмыш шара еңбекпен түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген сотталушылардың негізгі құрамын мекеменің қоғамдық өміріне қатыстыру, оларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеп, табиғаттың сұлулығын түсіндіруге, шығармашылық өнерлерін дамытуға, сурет салу өнерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға, қоршаған ортасына мейірімділікпен және оң көзқараспен қарауға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға облыстағы бас бостандығынан айыру орындарының жеті мекемесінен жетпіске жуық шығарма ұсынылған. Олардың 43-і қолданбалы өнер бұйымдары болса, 24-і көркемсурет туындылары. Мекемеде жазаларын өтеп жүріп, өз қолдарымен жасаған туындыларды туған туыстары мен таныстары, жалпы қала тұрғындары көрсін деген оймен бұл көрме осымен оныншы рет ұйымдастырылып отырған көрінеді.
Көркемсурет аталымы бойынша суретшінің ерекше шеберлігі, сурет салудағы техникасы мен динамикасының артықшылықтары ерекше көзге түскен «Адамның тағдыры» туындысы бірінші орынға әбден лайық деп танылды. «Ұмыт қалмасын», «Демалыста» деген суреттер де көрме тамашалаушыларын елең еткізбей қоймасы анық. Бұл суреттер жүлделі екінші және үшінші орындарға ие болды. Сондай-ақ, «Астана таңы», «Бурабай» туындылары да ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.
Қолданбалы өнер бұйымдары аталымында «Кеме» туындысы үздік деп танылды. Сол сияқты, ағаштан қашалып, өте қиын техникамен жасалған «Жаратушы» статуясы екінші орынға ие болса, өзіндік жасалу сапасымен әрі ағашты оюлап өрнектеу ерекшелігімен «Қобдиша» туындысы үшінші орынға лайық деп танылды.  Бұл аталым бойынша «Нарды» және «Кеме» туындыларын жасаған шеберлер ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.
Көрмеге ұсынылған шығармалар мен оларға қойылған тақырыптардан сотталушылардың өмірге, қазіргі қоғамға деген көзқарастарын ұғуға болады. Олардың кейбірінен өкініштің лебі есіп тұрғандай көрінді.  «Үміт-2016» көрмесі ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін өтеді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар