Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ана тілінде неге сөйлемейді?.. - АРҚА АЖАРЫ

Ана тілінде неге сөйлемейді?..

Менің елім көпұлтты Қазақстан! Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасындағы татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны бәрімізге мақтаныш. Бұл – біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дара  саясатының, дана ойларының жемісі.

Табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы – тіл. Сондықтан, ол рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Елдің елдігі – тілінде. Өз тілін аялап сүймеген халық, өз жұртын да сүйе алмайды.
Мен Қараөткел ауылының №6 орта мектебінің 10-сыныбында оқимын. Ұлтым неміс болса да, қазақ тілін ана тілімдей қадірлеп, сыйлаймын. Мен қазақ тілінде сөйлей алатыныма мақтанамын. Өйткені, ол  бай, шұрайлы тіл. Жыл сайын ауданда өтетін «Абай оқуларына» «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша қатысамын. Бірнеше рет жүлделі орындарға ие болдым. Былтырғы оқу жылында «Абай оқуларына» қатысып, бас жүлде алып, облыстық сайыс-та да 3 орынды еншіледім.
Бос уақытымда әдеби кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Мектептегі өтетін іс-шараларға белсене қатысамын. Кейбір қазақша сөйлей  алмайтын қазақ балаларына қарап, Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма жиі оралады.
Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев  «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген.
Бірақ, өкінішке орай, соңғы кездері қазақ балалары өз тілін бұрмалап сөйлеуді немесе ана тілінде мүлдем сөйлемеуді әдетке айналдырды. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Тіл тұтастығы – ел тұтастығы екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті екенін есте ұстаса қандай ғанибет.

Кристина КЛЕЙН,
 10 «ә» сынып оқушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар