Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс орталығы келбетінің жақсара түсуі өз қолымызда - АРҚА АЖАРЫ

Облыс орталығы келбетінің жақсара түсуі өз қолымызда

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы бірқатар нысандарды аралап көріп, лифт шаруашылығын қалпына келтіру және көп қабатты тұрғын үй аулаларын көркейту жұмыстарын жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Өңір басшысы алдымен, «Agrimer-Astyk» серіктестігінде болып, астық қабылдау барысының жай-жапсарын сұрады. Серіктестік директоры Николай Казактың айтуынша, алғашқы астық тиеген жүк көліктері  өткен аптадан бастап келе бастаған. Облыс басшысы астық қабылдау кәсіпорындарының 800 мың тонна астық қабылдағанын атап өтті. Биыл астықтың 75 пайызы бірінші класты болады деп күтілуде. Кәсіпорында сояны түсіретін арнайы терминал салынған. Өнім Алматы  облысы Бескөл ауданының Балакөл элеваторынан тасымалдануда.   
– Зауыттарымыз бір маусымда 40 мың тонна соя қабылдап, өңдейді. Өндірілетін май тамақ өнеркәсібінде де пайдаланылады, – дейді серіктестіктің директоры. Облыс басшысы кәсіпорын салған фитнес орталығын да аралап көрді. Мұнда келетін жастар үшін барлық жағдай жасалған.
Бүгінгі таңда Марат Көпенов басқаратын «Еңбек-Көкшетау» мемлекеттік кәсіпорны облыс орталығындағы 9 және 12 қабатты тұрғын үйлердің лифтлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Өңір басшысы Горький көшесі бойында орналасқан бұрынғы фарфор зауытының жатақханасы лифтісінің жөнделу барысына назар аударды. Бұл тұрғын үйдегі барлық бөлмелер жекешелендірілсе де пәтер иелері кооперативі жоқ. Мұнда әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар тұратындықтан, жөндеу жұмыстары шығынын қалалық әкімдік мойнына алған.  
– Барлық аулаларды бір жылда жөндеп шығу мүмкін емес. Бұл жұмыс бюджеттен жыл сайын тиісті қаржы бөлініп, кезең-кезеңмен жүргізіледі. Ал, тұрғын үйге бір жауапты адам сайлау қажет, – деген өңір басшысы үйдің төбесін жөндеуді тапсырды. Бұдан соң М.Әуезов көшесі бойындағы
аулаларды және спорт алаңын аралап көрді. Кәсіби футболшылардың шеттен алынатынын, оған көп қаржы жұмсалатынын, олардың орнына жергілікті ойыншылар тәрбиелеу керектігін, қала бойынша мұндай 15 алаң салынатынын айтты.  Бұл спорт алаңының 3 миллион 861 теңгеге бағаланған құрылысын «Еңбек-Көкшетау» мемлекеттік кәсіпорны жүргізген. Бұдан соң облыс басшысы тұрғындармен жүздесті. Олар аулаларының абаттандырылғанына жылы лебіздерін білдірді.
Бұдан кейін Абай көшесі бойында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйлердің жөндеуден өткен ауласында болды. Облыс басшысы ауладағы балалардың ойын алаңын тәртіпке келтіруді жүктеп, спорт алаңын
салуды тапсырды.
Бурабай шағын ауданында салынып жатқан  алпыс пәтерлік тұрғын үй құрылысы мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестігі аясында жүргізілуде. Сметалық құны 352 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі күні қаржының 46 пайызы игерілген. Тұрғын үй келесі жылдың қаңтарында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Облыс орталығы жыл сайын көркейіп келеді. Тұрғындармен кездесуінде қала келбетінің жақсы болуы өз қолымызда екенін айтқан облыс әкімі сөзінің шынында жаны бар.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Суреттерде:  тұрғындармен пікір алмасу; жаңадан салынған спорт алаңы.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар