Әркім өз қабілетіне, мамандығына, білімі мен күш-жігеріне қарай еңбек қатынастарына белсене араласса, ісіміз де алға басады. Бұл еңбекке деген көпшіліктің ынтасын, ықыласын арттырады. Ол үшін қоғамда да еңбекке жағымды көзқарас қалыптасуға тиіс.
Еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналатын зауыт жұмысшысы атану мен үшін зор мәртебе. Мұнда құрастырылып шығарылған әрбір жүк көлігі тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда.
Осы орайда, ұжымымыз өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Зауыттан құрастырылып шығарылған әрбір көлік біздің қажырлы еңбегіміздің жемісі. Сол үшін еңсеміз көтеріліп, бұдан да зор жауапкершілік, шынайы ықыласпен жұмыс істеуге тырысамыз. Сондықтан, өз басым кез-келген адам өз кәсібін шынайы сүюі керек деп ойлаймын. Сонда ғана өмірде текке жүрген жоқпыз деп айтуымызға болады. Әсіресе, біз, жас-тар еңбектен қашқақтамағанымыз жөн.
Рүстем ЖҰМАБАЕВ,
«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ слесары.
Көкшетау қаласы.