Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірдегі кезекті іргелі жоба - АРҚА АЖАРЫ

Өңірдегі кезекті іргелі жоба

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таяуда жұмыс бабымен Ақмола облысында болды. Елбасы сапары аясында Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамында жаңа инновациялық желі іске қосылған болатын.

Өткен жылы қолға алынған бұл жобаға 3,7 миллиард теңге қаржы жұмсалды және көптеген жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасалды.
Жаңа өндірістік желі алкогольсіз сусын дайындаудың барлық айна-лымында кластерлік жүйемен жұмыс істейді, яғни, сусынды дайындап, өздері жасаған құтыларға құйып, тұтынушыларға дайын өнімді үздіксіз жеткізеді. Мұнда германиялық ең соңғы үлгідегі құрылғылар орнатылған. Жұмыстың бәрі автоматтандырылып, компьютерлік бағдарламамен басқарылады.
Осылайша Көкше өңіріндегі іргелі кәсіпорынның өрісін кеңейтетін тағы бір жаңа жобасы іске қосылды. Осының нәтижесінде өндіріс қуаты арттырылып, жаңа табыс арнасы ашылды деуге болады. Қала құраушы кәсіпорын бюджет қоржынын толықтыру арқылы әлеуметтік саланың дамуына сүбелі үлес қосатыны белгілі.
Еліміз  тәуелсіздігін алған 1991 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 100-ге тарта өнім түрлері шығарылады. Оның ішінде  соңғы 15 жыл бойы «Туран» брендімен («TURAN») Ресей Федерациясына минералды сулар мен алкогольсіз сусындар тұрақты түрде жеткізіліп келеді. Бұл кәсіпорынды өнім түрлерін көбейтуге, сапалық көрсеткіштерді жақсартуға ұмтылдыратыны анық.
Зауыт шығарған табиғи таза сусындарды еліміздің барлық өңірінен кездестіруге болады және тұтынушылар тарапынан жақсы бағасын алғанын айтуымыз керек. Қазіргі күні кәсіпорында экологиялық таза аймақтардан бутилденген табиғи минералды су шығару бойынша Оңтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық маңызы бар ең үздік инновациялық қазақстандық кәсіпорынды құруға арналған жаһандық жаңғырту
басталды. 2020 жылға дейін табиғи минералды суды жылына
400 миллион литрге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қуатты арттыру жоспарланған.
Акционерлік қоғам президенті МұратАхметовтің айтуынша, кәсіпорын жұмыс істеген уақыттан бері  бюджетке 50 миллиард теңгеге жуық салық төлеген. Оған осында жұмыс істейтін 1 мыңға жуық жұмысшының қосып отырған үлесі зор. Ынтымақты ұжым ел мерейін еселеу жолында екпінді істерімен таныла беретіні анық.

«Егемен Қазақстан».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар