Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сен маған киелісің, алтын ұям! - АРҚА АЖАРЫ

Сен маған киелісің, алтын ұям!

Айналдым ата қоныс Көкшетауым,
Түрленген тотыдайын бақша-бауым.
Асқақтап ел мерейі тұрған шақта,
Жырдан шашу шашайын ойшыл қауым.

Қойнауы құт-шежіре асқар белім,
Шабытымның заңғары тасқан жерім.
Жаратқанның сыйындай неткен ғажап,
Кестелі кең пішілген сексен көлім.

Өткен ізден белгі боп 190 жыл,
Тарихта қалды ғой қаншама сыр.
Хандық құрған ақтангер Абылай мен,
Сал-серілер туғызған Көкшетау бұл.

Ағарту әлемінде қорған болған,
20 жыл құтты болсын, оқу ордам.
Өзіңнен қанаттанып түлеп   ұшқан,
Мен дағы бір балаңмын білім алған.

Маздатып ізгіліктің үрлеп шоғын,
Үйретіп адамдықтың оң мен  солын.
Сен маған киелісің, алтын ұям,
Табылған өзіңменен бар мен жоғым.

Іштегі жырларымды өзіңе арнап,
Қолыма қалам алдым мен де бүгін.
Жасай бер, құт шаңырақ, білім берген,
Мерекең құтты болсын, алтын ордам!

Айдар ҚОЖАБАЕВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар