Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құқықтық қызмет көрсету сапасы жақсарып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Құқықтық қызмет көрсету сапасы жақсарып келеді

Қазақстанда әділет органдарының қалыптасу тарихы 1919  жылдың 30 қыркүйегінен басталады. Осы күні Қырғыз революциялық  комитетінің отырысында ішкі істер бөлімінің меңгерушісі А.Байтұрсыновтың әділет бөлімін ашу қажеттігі туралы баяндамасы тыңдалған. Онда әскери-революциялық комитеттің жанынан әділет бөлімін құру туралы Қырғыз революциялық  комитетінің қаулысы қабылданған.

Содан кейін Қырғыз революциялық  комитетінің жанындағы әділет бөлімі әділет комиссариаты болып өзгерген. Әділет комиссариаты  заң шығарушы, нұсқаушы, ақпараттандырушы және Қырғыз өлкесінің барлық әділет бөлімдерін біріктіруші орган болып табылды. Әділет комиссариаты өзінің барлық тапсырмаларын, бұйрықтарын,  нұсқауларын, ережелерін және жетекшілігін әскери революциялық комитетінің бекітуіне беріп отырды және өлкелік тергеу комиссиясымен, Ішкі істер комиссариатымен және Бүкіл ресейлік әділет комиссариатымен тығыз қатынаста жұмыс істеді.
1946 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығына және  Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясында қабылданған заңға сәйкес, Халық Комиссарларының Кеңесі Қазақ ССР Министрлерінің Кеңесі болып өзгерді. Сол уақыттан бастап Халық әділет комиссариаты Қазақ ССР Әділет министрлігі болып аталды.
Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдың 28 тамызындағы Жарлығымен 30 қыркүйек Қазақстанда ресми түрде Әділет органдары қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Бұл мереке, заңның әр әрпі мен мәртебесі үшін қызмет етіп, сөзімен де ісімен де әділдіктің ақ туын жоғары ұстап, конституциялық мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуге тиісті әділет қауымдастығының барлық өкілдерін біріктіреді.
Заңгерлік ежелден бері ең беделді, дегенмен күрделілігі мен жауаптылығы аса жоғары мамандық болып саналады. Расында да әр адам басына қандай да бір қиындық туған жағдайда кеңес алу үшін заңгерге жүгінетіні, дәл сол заңгер азаматтар заңның мүлтіксіз әрі бұрмаланбай орындалуына кепіл болып, бұл өз кезегінде мемлекеттегі тәртіптің орнығуына  тәуелді болатыны ақиқат. Өз тарихында әділет органдары әрқашан азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру және қорғау, әділдік принциптерін бекіту, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттілікті нығайту және дамытуға белсенді түрде ықпал етіп келеді.
Әділет органдарының міндеттері мен мақсаты Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңымен бекітілді. Негізгі қызметі тікелей Әділет министрлігі жүзеге асыратын мемлекетті құқықтық қамтамасыз етуге қатысу, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және құқық түсіндірушілік қызмет атқару болып табылады. Аумақтық  деңгейде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалған мәмілелерді тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру, заң қызметін көрсету, құқықтық насихатты қамтамасыз ету және  Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттер атқарады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әділет органдарының жүйесін жетілдіру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі  ұстанымы –  жоғарыда көрсетілген тіркеу қызметтерін  жоғары түрде оңайлату, бюрократиялық кедергілерді және бизнеске бөгеттерді төмендету. Соған байланысты, республика көлемінде есепке алу және тіркеудің бірыңғай жүйелерін құру процесі жүріп жатыр. Ол  азаматтардың құқықтарын, еркіндігін және заңды құқықтарын неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.  Облыстық әділет департаментімен қызметтерді ұсыну сапасына ерекше назар аударылады. Мәселен, осы жылдың басынан бері 63 мың мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ешқандай заң бұзушылыққа жол берілмеген. 3 мыңнан астам қызмет электронды түрде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бір мыңнан астам түсіндіру шаралары өткізілген. Айта кету керек, қазіргі кезде әділет органдарының беделі артты, оның міндеттері кеңейді, алға қойылатын мақсаттарының көлемі ұлғайды. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу рәсімі оңайлатылды, жылжымайтын мүлікті тіркеуге байланысты шығындар азайды.
Әділет органдарының жұмысындағы жаңа бағыттың бірі – азаматтық хал актілерін тіркеуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізу. Қазір «электрондық үкімет» порталы арқылы некені тіркеуге, некені бұзуға, тегін өзгертуге, куәлікті қайта алуға немесе мұрағаттық анықтама алуға, құжатты апостильдеуге өтініш беруге болады. Басқа ешқайда барудың қажеті жоқ. Осы өтініштерді үйден шықпай-ақ және басқа елде немесе басқа құрылықта жүріп те беруге болады. Бұл қызметтерді алу үшін электронды сандық қолтаңба болу қажет. Оны «электрондық үкімет» порталынан, халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе «электрондық үкіметтің» шоурумынан алуға болады.
Облысымыздың әділет органдарының құрылымына облыстық адвокаттар алқасы, нотариалды палата, сот сараптамасы, облыстық бағалаушылар палатасы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы кіреді. Әділет органдарының ардагерлері мен барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра, шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, халыққа қызмет көрсетудегі игі істеріңізде жетістіктер мен кәсіби шеберліктеріңіздің арта түсуін  тілеймін!

Анатолий ДЕРМАНОВСКИЙ,
облыстық әділет департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар