Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, аға ұрпақ өкілдері!
Қарттар күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жылында Сіздердің бәріңізге де терең құрмет пен алғыс сезімін білдіру үшін бүгін ерекше себеп бар. Бұл күні біз өз өмірлерін туған өлкелеріне арнаған, осында ұзақ жылдар бойы тұрып, жұмыс істеген, біздің тарихымызды құрған адамдардың алдында басымызды иеміз.
Елбасы атап өткендей, қарттарға қамқорлық біздің мемлекетіміздің саясатының маңызды бағыттарының бірі. Қазақстанда жыл сайын зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерлері өсуде, қариялар үшін медициналық және әлеуметтік көмектің жүйесі жетілдірілуде.
Бүгін Ақмола облысында жүз мыңнан астам зейнеткерлер тұрады, олардың 7102-сі тыл еңбеккерлері болса, 138-і Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сіздер, құрметті ардагерлер, соғыс жылдары мен тың және тыңайған жерлерді игеру және Қазақстанның тәуелсіздік алуы жылдарындағы барлық қиыншылықтарды бастарыңыздан кешірдіңіздер. Сіздердің бәріңіз де туған облысыңыздың қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қостыңыздар.
Бұл мереке – тек сіздердің жастарыңызға құр-мет көрсету ғана емес. Ол біздің әрқайсымызға өз туғандарымыз бен жақындарымызға бізге деген мейірімділігі, қамқорлығы мен шыдамдылығы үшін алғыс айтуымызға мүмкіндік береді. Қарттар күні Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әкелеріміз бен аталарымыздың ұлы ерліктеріне, құлазыған ел шаруашылығының тік көтерілуіне мүмкіндік берген таңғажайып еңбектеріне бас ию жолында барлық ұрпақтарды біріктіреді. Бұл біздің сүйіспеншіліктері мен қамқорлықтары үшін ата-аналарымызға білдірер ризашылық сезіміміз. Біз аға ұрпақ алдында мәңгілік қарыздармыз, алайда, олардың өмірлерін жақсартып, оны ізгілік пен жылылыққа толтыру біздің қолымыздан келеді.
Біз зейнеткерлерімізге, еңбек ардагерлеріне олардың кәсіби жетістіктері мен жанкешті еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздер даналықтың, тәжірибе мен білімнің сақтаушысысыздар. Егде тартқан жастарыңызға қарамастан, жас буынды тәрбиелеу ісіне, өңіріміздің ғана емес, барлық еліміздің қоғамдық өміріне белсене қатысып келесіздер.
Осындай мереке күні сіздерге туған өлкемізге деген сүйіспеншіліктеріңіз, облысымыздың қоғамдық, саяси өміріне белсене қатысқандарыңыз үшін ризашылығымыз зор. Сіздердің бәріңізге деннің саулығын, рухтың сергектігін, табыс пен бақыт тілеймін! Сіздердің өмірлеріңіз жарқын, мейірім мен шуаққа толы, әрдайым жандарыңызда өздеріңізді жақсы көретін балаларыңыз, немерелеріңіз бен достарыңыз болуына тілектестігімді білдіремін.
Қадірлі Ақмола облысының аға буын тұрғындары!
Сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймын!
Бұл күн – әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, барлық қарт тұрғындарға облысымыздың дамуына қосқан үлесі үшін, көп жылғы адал еңбектері үшін алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында елімізде аға буын өкілдеріне үлкен көңіл бөлініп келеді. Зейнеткерлерді, мүгедектерді, соғыс ардагерлерін және еңбек майданының қатысушыларын әлеуметтік қорғау мен қолдауды күшейту мәселесі оңтайлы шешілуде.
Бүгінгі күні сіздердің қатарларыңыз, жастарыңыздың ұлғайғанына қарамастан, өндірісте жұмыс істеуді жалғастырып отырғаны, қоғамдық қызметпен айналысып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсене ат салысуы бізді қуанта түседі.
Қарттар күніне орай, шынайы құттықтауымды және өздеріңізге денсаулық, әл-ауқат, бақыт тілеген ізгі тілегімді қабыл алыңыздар. Әрбір күндеріңіз қуанышқа, жылылық пен қамқорлыққа, қоғам назарына және жақындарыңыздың сүйіспеншілігіне толы болсын.
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.