Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің Мұғалім күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің Мұғалім күнімен құттықтауы

Құрметті білім саласының қызметкерлері және ардагер ұстаздар!

Жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде баршамыз үшін қадірлі Мұғалім күнін атап өту берік   дәстүріміз. Биылғы жылы бұл айтулы күн Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Бәрімізге мәлім, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сапалы білім еліміздің индустриалдық және инновациялық дамуының басты негізі болып табылатындығын үнемі айтумен және осыған ерекше көңіл бөлумен  келеді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде облысымызда 500-ден астам мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылып,  41 мектеп салынды. Қазіргі таңда жедел өзгеріп отыратын заман жағдайындағы мұғалім мамандарын даярлауға негіз болатын кәсіби біліктілікті арттыру жүйесіндегі жаңғыртулар  педагог мамандардың кәсіби шеберліктерінің өсуіне игі ықпалын тигізіп, білім саласындағы жүзеге асырылып жатқан демократияландыру үдерістеріне жол ашады.
Ақмола облысындағы білім беру мекемелерінде  зор интелектуалдық әлеует шоғырланғандығын атап өткен артық болмас. Бұл салада өз істерін жетік білетін білікті мамандар қызмет етеді. Сіздердің араларыңызда үкіметтік марапаттарға, құрметті атақтарға, жоғары кәсіби біліктіліктерге ие болған адамдар және түрлі байқаулар мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аз емес. Әсіресе, жастарға үлгі болып, әлі күнге дейін ұстаздық етіп жүрген ардагерлеріміз қандай құрметке болсын  лайық.
Бүгінгі күні облыс мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 22 мыңнан астам педагог маман қызмет етеді, олардың 13 мыңға жуығы мұғалімдер. 500-ден астам ұстаз «Білім саласының құрметті қызметкері» атағына ие болған жандар.  
Сіздердің заман талабынан қалмай, әрдайым биіктерден көрінуге ұмтылып жүретін қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымыз мол. Шәкірттеріңіз сенім үдесінен шығып, қайырымды да сенімді, интелектуалдық жағынан бай, жан-жақты жетілген азаматтар болып өсуіне тілектеспіз.
Баршаңызды шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!  Осы шырайлы күн  Сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлап, әріптестеріңіз бен оқушыларыңыз тарапынан жылы жүзді құттықтаулар мен ізгі тілектер мол болсын. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, өмірлеріңізге бақыт тілеймін!

 

 

Құрметті мұғалімдер, оқытушылар,
педагогикалық еңбек ардагерлері!

Сіздерді шын жүректен біздің әрбірімізге қымбат мерекелердің бірі – Мұғалім күнімен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас-тамасы бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру ісінде Сіздердің үлестеріңіз бен қолтаңбаларыңыз айрықша көрінуде. Біздің Ақмола облысы үнемі өз мұғалімдерін мақтан тұтады. Сіздер ертең бүкіл Қазақстанның, соның ішінде біздің туған өңіріміздің тағдырын айшықтайтын білімді, рухани дамыған жастарды тәрбиелеп отырсыздар.  
Бүгін облысымыздың білім беру жүйесін дамытуға әр жылдары баға жетпес үлес қосқан, талай ұрпаққа білім берген педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше алғыс білдіремін.  
Осы мерекелі күні сіздерге мықты денсаулық, бақыт, қажымас қайрат, білім биігіне қарай үнемі іздену мен шығармашылық шабыт, жақсылық тілеймін!

Дулат НҰРМОЛДИН,      
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар