2016 жыл ЮНЕСКО тарапынан Яссауи жылы деп жарияланғандығы белгілі. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Яссауи жылына орай, қыркүйек айының 22-23 күндері Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен халықаралық «Яссауитану» білім байқауы болып өтті.
Осы байқауға біздің облысымыздан қатысқан үш үміткер де биіктен көріне білді. Атап айтқанда, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Нұржан Төлеген бас жүлде мен 150 мың теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды. Оған сондай-ақ, Еуразия университетіне оқу гранты табыс етілді. Ал, Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінің
9 сынып оқушысы Жанат Оқа ынталандыру жүлдесіне және 20 мың теңге ақшалай сый-лыққа ие болды. Жоғарыдағы №3 мектеп-интернаттың 10 сынып оқушысы Айжан Рыспекова да дипломмен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.