Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ынтымағы жарасқан үлкен шаңырақ - АРҚА АЖАРЫ

Ынтымағы жарасқан үлкен шаңырақ

Облыс орталығындағы «Қоғамдық келісім» ғимаратында қала жастары «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары  Әкімбаевтардың отбасымен кездесті.

 

Игі шараны «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен Көкшетау қаласының жас-тар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырды.
Бұланды ауданының Макинск қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Жаңылған және Серік Әкімбаевтар өнегелі отбасылардың бірі. Олардың бүгінде 44 баласы бар. Бесеуі өздерінің туған балалары болса, қалғандарын балалар үйлерінен патронаттық қамқорлыққа алған. Бір шаңырақтың астында өзбек, украин, орыс, қазақ және белорус ұлтының балалары тату-тәтті ғұмыр кешуде. Жетім балаларды бауырына басып, оларға отбасы шаттығын сыйлау   Жаңылған Абдулқызының бала күнінен аңсаған арманы екен. Себебі, ол  өзі де  сегіз жасында  әкесінен жетім қалып, тағдырдың жазуымен  анасының ғана тәрбиесін көрген.  Қазіргі күні  олар    ұлдарын ұяға, қыздарын  қияға қондырып   13 немере сүйіп отырған бақытты ата мен әже. Үстіміздегі жылы Бұланды ауданында өткен  «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында  бірінші орынды жеңіп  алса, Астана қаласында  осы байқаудың дипломанты атанған.  
Шара барысында Жаңылған Абдулқызы қазақ халқы ежелден жетімін жылатпаған ел екенін айтып, әр балаға мейірім мен қамқорлық таныту қажет екенін  тілге тиек етті. Ал, Серік Құрмашұлы баланы өз қамқорлығына алу жауапкершілігі мол  әрі күрделі іс екенін айта келе, осы балалардың ендігі болашағы асырап алған ата-анаға көп байланысты екендігін, сондықтан да, әрбір осындай ата-ана  сабырлық пен мейірімділік, еңбекқорлық деген қасиеттерді  қатар алып жүру қажеттігін атап өтті. Содан соң «Шаңырақ» əлеуметтік-психологиялық  зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры  Берік Рақышев ерлі-зайыпты   Әкімбаевтардай мейірімді жандар көп болса, елімізде жетімдер  үйі  болмас еді деген  жылы лебізін білдіріп қазақы дәстүрмен  Серік Құрмашұлының  иығына шапан жапты, ал,  Жаңылған Абдулқызына  ақ орамал сыйлады. Жиналған жастар өз кезегінде  көп балалы Әкімбаевтар отбасына сауалдар қойып, болашақта олар секілді шаңырағы биік,   көпке үлгі  болар отбасы  құрғылары келетіндіктерін айтты.  

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар