Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұл – Бурабай үшін маңызды мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Бұл – Бурабай үшін маңызды мәселе

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевқа Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Ел газеті «Егемен Қазақстанда» жариялана бастаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы дала Ұлағаттары» атты өмірлік ой толғамдарында  «Туған елің дәулетті, туған жерің сәулетті болса, сен де әулетті де, әлеуетті боласың» деген көңілге қонар бір ауыз сөзінде ел мен жерді қастерлеп, өркендетудің тамаша ұлағаты жатыр. Сонымен бірге, биылғы жаз айында Елбасы  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қызметі туралы берген  сұхбатында Бурабай курортты аймағын одан әрі дамыту жөніндегі ойларымен бөлісіп,  барша қазақстандықтарды еліміздің табиғи жауһарларын сақтау ісіне зор көңіл бөлуге шақырған-ды.  Мемлекет басшысы Қазақстанның табиғи көрікті жерлерінің ішінде Бурабайдың айрықша орын алатынына назар аударып, «Бурабай – Қазақстанның «маржаны». Мұнда болғанда ән айтпау, шабыттанбау мүмкін емес. Бурабайдың сұлулығын халқымыз ежелден-ақ жырға қосқаны бекер емес. Қазір біздің басты мақсатымыз – курортты аймақты оның тазалығы мен тұмса табиғатын сақтай отырып дамыту, танымал ету»,  – деп,  сонымен бірге,  қазір Астана маңында үлкен агломеларация қалыптасып келе жатқандығын, Астананың маңына 73 мың гектарға ағаш егілгендігін,  алдағы уақытта  Астана мен Бурабай аралығындағы орман алқаптарын біріктіру міндетін  қойғандығын және оның ойдағыдай орындала бастағандығын айтқан болатын.
Міне, осы бір маңызды шараларды жүзеге асыруға айрықша үлес қосып келе жатқан Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Қазақ орман ғылыми-зерттеу институты мен агроорманмелиорация шаруашылығының  дендрологиялық және түр мен тек паркінің қазіргі мүшкіл жағдайына  Үкіметтің назарын  аударсам деп едім. Өткен ғасырдың 1959 жылы орман институтын Қазақстанның солтүстігіне көшіруге байланысты  1960-1966 жылдары Щучье қаласының солтүстік шығыс бөлігіндегі Шортан көлінің жағасынан орын тепкен бұл парктің ерекшелігі сол, мұнда Қазақстанның солтүстік аймақтарынан жиналған, жерсіндендірілген түрлі өсімдіктердің   коллекциясы бар.
Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаев Ақмола облысына 2007 жылғы 3 маусымдағы жұмыс сапары барысында осы дендропарктің жұмысымен танысып, Астананың жасыл белдеуін қалыптастырып жатқан кезде жас өскіннің түрі мен тегін, будандық аудандастырылуын, сұраныстағы тұқым дайындауды, оған қатысты ғылыми негіздемелер мен ұсыныстарды басшылыққа алу қажеттігін айтып,  осыған байланысты жаңа міндеттер де жүктеген болатын.  Елбасының тапсырмасы ойдағыдай орындалып келеді. Астананың  «жасыл белдеуінің» аумағында негізінен,  бурабайлық ғалымдардың жаңа патенттерімен өсірілген бағалы ағаштар, саялы өскіндер жайқалып өсіп тұр. Бұл бағыттағы ізденіс əлі де жалғаса беретін болады.

Жыл сайын өсімдік әлемінің түр-түрі азайып бара жатқан қазіргі жағдайда осы дендропаркте жинақталған өсімдіктердің генетикалық қорларын пайдаланудың болашақта зор маңызға ие болары да анық. Және де небір ағаш түрлерін шаруашылық мақсатта пайдалану үшін оларды дұрыс таңдай білудегі де   маңызы зор болмақшы. Сондай-ақ,  дендропарк қазір өсімдіктерді сақтап қалу  жолындағы жерсіндендіру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің, экзотикалық, техникалық, азық-түліктік, емдік және декоративті өсімдіктердің түр-түрлерін сақтап, өсіріп, таратудың бірден-бір базалық орталығы болып отыр. Бұл дендропарктің базалық нысандарында Астана мен Көкшетау, Ресейдің Омбы қалаларындағы аграрлық университеттері мен Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы колледжінде оқып жатқан болашақ орман қызметкерлері мен экологтар, географтар мен педагог студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп жүрсе, мектеп оқушылары мен Бурабай курортты аймағына келіп тынығушылар саяхат жасап, осы дендропарктегі сирек кездесетін  ағаштар мен бұталардың, өсімдіктердің түрлерімен қызыға танысады.
Жалпы аумағы–31,69, аброретумының аумағы–14 гектарлық бұл дендропарк пен  арборетумының   коллекциясында  қазір  Солтүстік Америка, Европа, Қиыр Шығыс, Жапония, Қытай, тағы да өзге елдер мен аймақтардың флоралық аймақтарынан өсімдіктердің, ағаштар мен бұталардың 2 мыңнан астам түрлері мен тегі және сорттары әкелініп, сынақтан өткізіліп, зерттелді.
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы  28 қыркүйектегі № 932-ші Қаулысымен дендропарк пен арборетумның  ғылыми жағынан аса маңыздылығы және ерекше бірегейлігі ескеріліп, ол республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықтар нысандарының тізіміне енгізілген де болатын. Зерттеу материалдары бойынша 150 ғылыми еңбектер жарияланып, өндіріске 12 ұсыныстар енгізілді, 1 миллионнан астам түрлі  ағаш көшеттері өсіріліп, сатылды, географиялық, сынақтық және плантациялық дақылдар егілді.
1995 жылға дейін тәжірибе сынақ нысандарын толықтырып отыру және сақтауға байланысты барлық жұмыстарды  бюджеттік қаржыландыру негізінде Қазақ орман ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы Бармашин тәжірибе орман шаруашылығы атқарып  отырды да, соған орай, жерсіндендірілген коллекциялар жақсы сақталып келген-ді.  Алайда, «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің ұйымдастырылуына байланысты  бұрынғы  Бармашин  орман шаруашылығының қорынан 6,5 мың гектар орман алқабы «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіне берілді де, 1,29 гектар алқаптағы орман қоры Қазақ орман ғылыми-зерттеу институты мен агроорманмелиорация шаруашылығына қалдырылған-ды. Сол бастан бюджеттік қаржыландыру да тоқтатылған болатын. Мұның өзі дендропарктегі коллекциялар  жағдайларының нашарлай түсуіне әсерін де тигізбей қалған жоқ. Қазір дендропарк пен арборетумды күту, реконструкциялау жұмыстары жүргізілмейді десе де болғандай және коллекцияларды қорғау шаралары да төмендеп кетті.
Ғалымдарымыздың ұзақ жылдар бойғы еңбектері мен ізденістерінің нәтижесінде құрылған осы бір табиғат кешені барған сайын өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын жоғалтып,  экологиялық білім берудің базалық орталығы болудан  қалып барады. Әлі де болса, жаппай демалысты ұйымдастыру деңгейінің төмен болуы, барған сайын жабайы туризмнің етек алуы, орман аумағы қоршалмағандықтан, табиғат аясында дем алушылар мен туристер дендропарк пен арборетум аймағына жасырын өтіп кетеді де,  от жағады, топырақ қабатын  таптап, қоқыстарын тастап, жас өскін ағаштар мен бұталарды  басып, сындырып кетіп жүр. Ең сорақысы, жаңадан отырғызылған жөке, емен, шырша, самырсын, май қарағай, үйеңкі көшеттерін қазып алып кету, жеміс-жидек, гүл, емдік өсімдіктер мен олардың тамырларын  бақылаусыз жинау сияқты көріністер өршіп барады. Сондай-ақ, түрлі өсімдіктер мен ағаш бұталарының сирек кездесетін түрлерінің  мүлдем жойылып кету қаупінің тууымен қатар, жерсіндендірілген нысандардың жалпы деградацияға ұшырауы түрлі арамшөптердің басып, мейлінше маңызы жоқ беймәлім өсімдіктердің  тамыр жайып бара жатқандығынан,  санитарлық жағдайдың күрт нашарлап, маңызды деген өсімдіктердің қорғаныс қабілеттері төмендеп және олардың эстетикалық сипаттары мен сымбаттарының  өзгеріске түсіп, өрт шығу қаупінің  күшеюінен анық  байқалып отыр.
Қазіргі уақытта 800-ге жуық, соның ішінде өте сирек кездесетін, қорғап сақтауды қажет ететін өсімдіктер мен ағаш бұталардың  ағылшын емені (дубчерешчатый), ұсақ жапырақты әк (липамелколистная),  ем арша, қоңыр ағаш (лещина древовидная),  недзвецки алмасы және басқа  да түрлері сақталып отыр. Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша  сол өсімдіктер мен ағаш бұталардың 230-дан астам түрлері іріктеліп алынып, солардың 43 түрі орман шаруашылықтарында, 73 түрі ықтырма қорғанды орман алқаптары, 45 түрі плантациялар үшін өсіріп, пайдалануға іріктеліп алынды. Осы іріктеліп алынған ағаштар мен бұталардың түрлері  Қазақстанның солтүстік аймақтарын көгалдандыруға әбден жарамды болып табылады.
Жағдайдың осылай қалыптасып отырғандығына шынайы алаңдаушылық білдіріп отырған институттың дендропарктің жағдайын жақсарту мен ұстап тұруға қажетті қаржы бөлу жөніндегі өтініш-тілектері  Ауыл шаруашылығы министрлігі мен  бұрынғы Қазақ Агроинновация (КАИ)  тарапынан қолдау таппай келеді.
Дендропарктің өскіндерін  қайра жаңарту мен жақсарту және оларды ұстап тұру жұмыстарын жүргізу үшін 2010 жылы «Республика аймағындағы ормандарды сақтау және орманды алқаптарды ұлғайту» Жобасы бойынша «Қазақ орман ғылыми-зерттеу институты мен агроорманмелиорация шаруашылығының  дендропаркінің негізінде ағаш-бұталар түрлерінің генетикалық қорларының құрамын сақтау және толықтыру» тақырыбымен гранттық ұсыныстар енгізіліп, конкурстық бағалау нәтижесінде әзірленген бұл жоба бойынша оң шешім қабылданып,  2012-2013 жылдары осы жоба гранттық қаржы есебінен  14 миллион 700 мың теңге сомасында қаржыландырылды, ал, қосымша қаржыландыру есебінен   6 миллион 655 мың теңге бөлінді. Әзірленген жобаның толық құны 21 миллион 355 мың теңге болатын.
Гранттық осы қаржыландыру аясында дендропарктің биотоптарында, аллеялық пен жоғары және орта жиектік ағаш көшеттерін отырғызу шаралары жүзеге асырылды. Дендропарк аймағының 30 пайызы қайра жаңарту мен жақсарту және сақтау жұмыстарымен қамтылды. Қалың жынысты ағаш аралары сиретіліп, өсуін тоқтатқан және зақымданған, қурап қалған ағаштар кесіліп, өз бетімен шыққан өскіндер қазып алынып жойылды, ескі өсімдіктер жаңартылды, парктің коллекциясын толықтыру үшін жаңадан көшеттер сатып алынды, арамшөптерден,  кесілген бұталардан тазартылды. Сондай-ақ, түрлі материалдар, құралдар мен жабдықтар, жанар-жағармай, көң шірінділері, жас өскіндерді өсіру үшін қажетті жылыжай сатып алынып, зертхана ғимараттарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Дендропаркті қайра жаңарту мен жақсарту және сақтау мақсаттары үшін жүргізілген осы жұмыстардың барлығы бақта өсіп тұрған өсімдіктер мен ағаш бұталардың экологиялық, эстетикалық жағдайларын жақсартуға ықпал етсе, жерсіндендірілген  коллекцияларды өрттен сақтау және қорғау шаралары да нығая түсті.
 Міне, соңғы 20 жылдан бері коллекциялық өскіндерді өсіруге, оларды күтіп, баптап ұстауға қаржы бөлінбей келеді. Республикалық бюджеттен тек қана бюджеттік ғылыми бағдарламалар аясында жүргізілетін ғылыми зерттеулер жүргізуге ғана қаржы бөлінеді. Алайда, бөлініп отырған қаржы дендропарктің, арборетумның  ғылыми-тәжірибелік нысандарын ұстауға жетіспейді. Ал, түрлі  ағаштар мен бұталар өсіріліп жатқан  мұндай тәжірибелік нысандардағы өсімдіктерді ұдайы күтіп ұстап,  жаңартып, жақсартып отыру үшін  ол тұрақты түрде қаржыландырылып тұруы керек.
Биылғы жылы дендропаркке 55 жыл, ал, арборетумға 50 жыл болды. Бұл нысандар жерсіндендірудің ерекше бір нысандары болып саналады. Соңғы жылдары «Бурабай» курортты аймағын дамытуға айрықша көңіл бөлініп, бұрынғы ескі курорттық нысандар жаңартылып, осы заманғы лайықты жаңалары да көптеп салына бастады. Бурабай шынайы туристік аймаққа айнала бастады. Осы курортты аймақтың негізгі бір қақпасы болып саналатын Щучинск қаласы жыл сайын көркейіп, абаттандырылып келеді. Осы дендропарктің жанынан гольф-клуб салынып жатыр. Бұл дендропаркке келушілер қатарының көбейе түсеріне де ықпал жасары анық. Егер де осы дендропаркті және оның маңайын көркейтер болсақ, ол  әбден келесі жылы өткелі отырған «Экспо-2017» көрмесіне де келушілердің бір барып, тамашалар жері  бола алар еді. Жасыл желек «Бурабай» курортты аймағының   ең басты сәні екендігі дау тудырмайтын мәселе. Ал, енді сол жасыл желек әлемдік деңгейге сай болсын десек, өсімдіктердің, ағаштар мен бұталардың түр-түрі де көп болуы керек. Ол үшін бұрын-соңды біздің аймақта өсірілмей келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тек қана сол өсімдіктерді жерсіндендіру жолымен алып, көбейтуге болар еді. Дендропарк пен арборетумда Қазақстанның солтүстік аймақтарының климаттық ерекшеліктеріне бейімделген ағаштар мен бұталардың мол қоры да бар.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!  Күні кеше, яғни, биылғы жылдың 23 қыркүйегі күні Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Елбасы тағы да Бурабайды көркейтіп, дамыту жұмыстарына, оның тұмса табиғатын сақтауға көңіл бөлді. Сол Бурабайдың тұмса табиғатының ажырамас құрамдас бір бөлігі болып қалыптасып отырған Қазақ орман ғылыми-зерттеу институты мен агроорманмелиорация шаруашылығының  дендропаркі  мен арборетумын талапқа сай күтіп ұстап тұруға жыл сайын  қажетті 22 миллиард 523 миллион теңге, ал,  дендропарк пен арборетумның нысандарын көріктендіру үшін 69 миллиард 101 миллион теңге мөлшерінде бір мезеттік қаржыландыру  және  де осы дендропарк пен арборетумды сақтап қалу мәселесінің жан-жақты ойластырылуын сұраймын.

       Cенат депутаты Жабал Ерғалиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар