Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлескен жобаның болашағы мол - АРҚА АЖАРЫ

Бірлескен жобаның болашағы мол

Өткен бейсенбі күні облысымызға Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігінің өкілі Дмитрий Зорин бастаған бір топ беларустық іскер азаматтар келді.

Меймандар Көкшетау қаласының солтүстік өнеркәсіп аймағында жаңадан құрылған ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар шығаратын Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркінде болды. Беларустықтардың өңірімізге келу мақсаты да осы. Бірлесіп қолға алынған жобаның жүзеге асырылу барысымен жақын танысып, алдағы жоспарларды нақтылау болатын.
Аталған жоба 2012 жылы қолға алына бастады. Мұндағы басты мақсат – Беларусь елінің коммуналдық және ауыл шаруашылығы саласының озық техникаларын өңірде құрастырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту еді. Жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін 2014 жылы Беларусь елінің «Минск трактор зауыты» ашық акционерлік қоғамы және отандық «Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп, «МТЗ-ҚАИК» серіктестігін құрған болатын.
– Біздің серіктестіктің құрылғанына 4 жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта біз 5 миллионға жуық АҚШ долларын жұмсап, 7 түрлі техниканың 500 данасын құрастырып шығардық. Олар негізінен, отандастарымыз тарапынан сұранысқа ие болып отырған коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникалары. Алдағы уақытта беларустік технология бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз, – дейді «Қазақстандық агро инновациялық корпорация-сы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анар Сағадиева. Бірлескен кәсіпорын шығарып жатқан тракторлардың бағасы қолжетімді. Сапасы да техникалық талаптарға сай. Соған орай, кәсіпорын шығарған техника тұтынушылар тарапынан жақсы сұраныс туғызып отыр. Қазір тракторлардан бөлек жүк көліктері мен арнайы мақсаттағы машиналардың да бірнеше түрі шығарылуда.
Жалпы, өңірде аталған индустриялық-технологиялық паркі жобасын жүзеге асыру Ақмола облысы мен Беларусь елінің арасындағы тауар айналымына оң ықпал жасайды.
– Қазақстан біздің стратегиялық әріптесіміз. Мұнда Беларусь өнімдеріне сұраныс жоғары. Осындағы индустриялық-технологиялық паркі осы бағытта бірлесе істеп жатқан жұмыстарымыздың жемісі. Сондықтан, алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, жұмысшылар санын 230-ға жеткізу көзделген. Бұл екі жаққа тиімді болары сөзсіз,–деп атап өтті Дмитрий Зорин.

Аслан ОСПАНОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар