тұқым толық құйылып алынды
Биыл диқан қауымының қимылдары ширақ. Ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдалана отырып, уақытпен санаспай егіс алқаптарында, қырманда науқан қызу қарқынмен жүргізілді. Егін орағын аяқтауға санаулы-ақ күндер қалды.
Облыс диқандары алдымен келесі жылдың егісіне қажетті 522,2 мың тонна тұқымды толық құйып алды. Егіс көлемі үлкен Жарқайың, Жақсы, Атбасар аудандары әрқайсысы 50-60 мың тоннадан тұқым құйды. Ендігі міндет – егін орағы аяқталғаннан кейін тұқымды тазалап, тиісті кондициясына жеткізу. Мол өнім алудың негізгі кепілі сапалы тұқымға байланысты екені диқан
қауымына аян.
Совет ХАМИТҰЛЫ,
облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының баспасөз хатшысы.