Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткеніміз келешегіміз үшін керек - АРҚА АЖАРЫ

Өткеніміз келешегіміз үшін керек

Мұрағат құжаттарының тарихи дерек ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол екендігі айтпасақ та түсінікті. Өйткені, әр ұрпақ өткен тарихты білу үшін мұрағат құжаттарына сүйенеді.

Мұрағат құжаттарын тиімді пайдалану арқылы ел тарихындағы кейбір жабулы қазан күйінде қалған шындықтың бетін ашуға да мүмкіндік туып отыр. Олай болса, мұрағат – тарихи маңызы зор, халқымызға қажетті небір деректер сақталған алтын қазына.
Облысымызда мұрағат қызметінің дамуы үшін тиісті жағдайлар жасалған. Себебі, мұрағат ең алдымен, елдігіміздің белгісі. Ұлттық мәдениет пен тарихи деректердің, маңызды құжаттардың барлығы мұра болып сақталуы үшін мұрағат дұрыс қорғалуы керек.
Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде мұрағат қызметінің құрылымында ғана емес, негізгі жұмысында да түбегейлі өзгерістер болды. Егер бұрын мемлекеттік мұрағаттар құжаттарды жинап, оларды сақтап қоюға баса назар аударса, қазіргі күні негізгі күш-жігер қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін ретроспективті ақпаратты пайдалануға бағытталған. Осыған байланысты азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау орайында, сондай-ақ, ғылыми және мәдени мақсаттарда пайдаланылатын мұрағаттық құжаттардың саны айтарлықтай өсіп келеді. Облысымызда 1024 ұйым ұлттық мұрағат қорының жинақтау көздерін құрайды.
Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ұйымдарда ведомостволық мұрағаттарды құру жағы қарастырылған. Ондағы мақсат – оперативтік пайдаланудан шығып қалған барлық құжаттарды есепке алып, кейін мемлекеттік мұрағатқа тапсыру үшін сақтау болып табылады.  Бүгінгі таңда ұйымдар мен кәсіпорындардың, ведомстволық мекемелердің мұрағаттарында 173 мыңнан астам істер сақталуда.
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтап, әлі де болса, оның құрамына кірмеген құжаттарды жинақтауды және уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға немесе құрылымдық бөлімше ведомстволық мұрағат деп аталады. Мекеменің, ұйымның іс жүргізу айналымына қосылған кез-келген құжат оның авторының жекеменшігі болып қалмай, тиісті есепке алынып, мемлекеттік мұрағатқа тапсыру мәселесі шешілгенше сонда мұқият сақталуы қажет.
Өкінішке орай, біздің ұйымдарда құжаттардың жоғалу оқиғалары жиі кездеседі. Басшылардың көпшілігі құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудің міндетті шарты ретінде ұйымға ведомостволық мұрағаттың қажеттілігін түсінгілері келмейді.
Әсіресе, еліміз күйзеліске ұшыраған тоқсаныншы жылдары құжаттардың сақталуына айтарлықтай зиян келтірілді. Көп мекемелер мен кәсіпорындар жабылып, енді біреулері қайта құрылып жатты. Жекелеген басшылардың құжаттарды мұрағатқа тапсыру ісіне жауапсыздықпен қарап, оларда қалғандары жасырын емес. Сол себептен көптеген мекемелер мен кәсіпорындардың құжаттар топтамасы соңғы он-он бес жыл көлемінде із-түзсіз жоғалып кетті. Осындай жауапсыздықтың салдарынан жолдаған сұранымдарымызға тиісті жауап алуға да мүмкіндігіміз жоқ. Осыдан келіп, жеке тұлғалар зейнеткерлік төлемдер мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезінде мұрағаттағы анықтамалар арқылы өз еңбек өтілдерін растай алмаса, оларға төленетін зейнетақы мен жәрдемақыға да айтарлықтай нұқсан келтіріледі.  Ал, бұл өз кезегінде адамдардың моральдық күйзеліске ұшырауына әкеліп соқтырып, психологиясына да кері әсерін тиізіп жататыны жасырын емес. Сондықтан, бүгінгі таңда «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» Заңда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінде мұрағат құжаттарының сақталуы үшін мекеме басшыларының жауапкершілігі айқын жазылғандығын дұрыс деп білеміз.
Мұрағат қоры – әр қала мен ауданның шежіресі. Бұл сол жердің халқының рухани өмірі мен өңірдің тарихын, экономикасын, мәдениеті мен саяси мәнін білуге көмектеседі. Бүгін біз өңіріміздің тарихын одан әрі қарай қалыптастыру ісінде бәріміз бірлесіп тығыз жұмыс істеуіміз керек. Енді бір он, жиырма жылдан соң қазіргі оқиғалар тарихқа айналады. Бүгінгі таңда мұрағат ісіне жұмыстың жаңа түрлері мен әдістері енгізілуде, сондықтан да, мұрағаттарға облысымыздың, ауданымыз бен қаламыздың осы мүмкіндікті пайдаланып,тарихынан сыр шертетін материалдарды көптеп жинақтағанымыз абзал.
Арада жылжып жылдар өткенде тәуелсіздігіміздің қалыптасу кезеңдері көптеген ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміздің зерттеу нысанына айналары сөзсіз. Сондықтан да, мұрағат ісіне зор мән беру – келер ұрпақтар алдындағы абзал борышымыз.

 Мәрзият ТОХАЕВА,
облыстық мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар