Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңдағы өзгерістерді білген жөн - АРҚА АЖАРЫ

Заңдағы өзгерістерді білген жөн

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде облыстық білім беру саласындағы бақылау департаментінің ұйымдастыруымен «Білім беру саласында заң нормаларының қолданылуы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

 

Аталмыш шара облысымыздың кәсіптік-техникалық білім беру колледждерінің директорлары мен олардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналып ұйымдастырылды. Семинарға қатысушылар алдында сөз сөйлеген департамент басшысы Ерлан Әбілдинов өткізіліп отырған шараның мақсаты колледж басшыларының құқықтық сауаттарын арттырып, білім беру ұйымдарында заңдылықтың сақталуы жағдайын жақсарту екендігін атап өтті.
Ол өз сөзінде заң нормаларын бұзушылықты азайту мақсатында жыл аяғына дейін осындай семинарлардың өңіріміздің барлық аудандарында өткізілетіндігін жеткізді. Семинар барысында баяндама жасаған білім саласын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Тасболатова кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарына лицензиялар мен олардың қосымшаларының берілуі тәртібін түсіндіріп, білім беру саласындағы заңдарға енгізілген өзгерістермен таныстырып өтті. Департаменттің бас маман-заңгері Күләш Мейірманова лицензия мен олардың қосымшаларын алу үшін қажетті құжаттардың тізімі, оларды жинау кезінде кездесетін проблемалар жайлы айтып өтті.
Семинарға қатысушылар департамент мамандарына өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайында сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Жанат ҚАЖЫБАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар