Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгін – жүлдегер, ертең – өз ісінің шебері - АРҚА АЖАРЫ

Бүгін – жүлдегер, ертең – өз ісінің шебері

Жақында Астанада жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан оқушылар арасында WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты өтіп, онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 140-тан астам үміткер бақ сынады.

WorldSkills – бұл әлемнің 75 елінде кеңінен танылған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты – техникалық мамандықтарды насихаттау, дүниежүзі бойынша кәсіби мамандар даярлау, оның сапасын, біліктілік мәртебесін арттыру, әлеуетін көтеру және жалпы еңбек қоғамын қалыптастыру болып табылады. 2014 жылы Қазақстан 70-інші мемлекет болып қауымдастықтың  құрамына енген еді, ал 2015 жылы алғаш рет ұлттық чемпионат ұйымдастырды. Оған Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарынан жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жүрген колледждердің оқушылары  қатысты. Биылғы бәсеке 15 мамандықты қамтыды. Атап айтқанда, кірпіш қалау, сылау, гипсокартонмен жұмыс істеу, малярлық және безендіру жұмыстары, плиткамен қаптау, электр-монтаждау жұмыстары, веб-дизайн, желілік және жүйелік басқару, мехатроника, дәнекерлеу жұмыстары, шаштараз, мейрамхана ісі, мейрамхана қызметі, кондитерлік іс, мектепке дейінгі тәрбие, киім үлгісі.
Биылғы ұлттық чемпионат Елбасының «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді. Оған Көкшетау қаласындағы жоғары колледжден төрт оқушы қатысып, жүлделі орындармен оралды.
Көкшетау жоғары колледжінің оқушысы Тимур Бажиров «мехатроника» мамандығы бойынша бірінші орынға қол жеткізіп, оқу орнының мерейін үстем етті. Сондай-ақ, додада аталмыш мамандық бойынша Дархан Серікбаев пен «кірпіш қалаудан» Алмат Қоңырбаев алғашқы бестікке енсе, «құрғақ сылау» бойынша бақ сынаған  Саят Ерғалиев алтыншы орыннан көрінді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар