Мемлекеттік органдардың беделін көтеру, халықтың құқықтық және діни сауаттылығын жақсарту мақсатында облыстық дін істері басқармасы
Ашық есік күнін өткізді.
Аталмыш шара барысында басқарманың атқарып жатқан жұмыстары жайлы, діни қызмет саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы кеңірек сөз болды.
Басқарма басшысы Сәуле Ыбыраева діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңын түсіндіріп өтсе, басқарманың бас мамандары Галина Бессмертная мен Еркін Көшкенов мемлекеттік қызметтер үлгісі мен діни қызмет саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тоқталды. Шара соңында мамандар тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.