Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың төрағалығымен ветеринария саласындағы қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мал мамандары үшін семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Сақташ Хасенов пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзге де өкілдері, облыстық басқармалар мен ведомство басшылары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ветеринария мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық бөлімшелері, «НУХ «ҚазАгро» акционерлік қоғамы ұйымдарының облыстық филиалының басшылары қатысты.
Соңғы жылдары ветеринария саласында үлкен өзгерістер болды. Мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттілікті шектеу, бақылау-қадағалау міндетін бөлу бойынша бірқатар әкімшілік реформа жасалды. Алайда, ветеринария саласының жұмысында бірқатар өзекті мәселе туындап отыр. Заңнама базасындағы олқылықтар, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы міндетті нақты таратудың жоқтығы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеуіне кері әсерін тигізуде.
Шараға ауылдық округтардағы ветеринарлық пункттер қызметкерлерінің қатысуы қолданыстағы заңнамаға өзгерту енгізуді талап ететін бірқатар мәселені, бұл салада анықталған олқылықтарды алға тартты. Жағдайды түзету орайында нақты шаралар қабылдау үшін облыстың ветеринарлық мамандарынан ұсыныс-пікірлер мұқият қаралды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.