Биылғы жылдың қаңтар-тамызында Көкшетау қаласындағы өнеркәсіп өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 101,8 пайызды құрады.
Бүгінгі таңда қаланың өнеркәсіп орындары 52,1 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Облыстағы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі Көкшетау қаласының үлесі 21,4 па-йыз. Есепті кезеңде барлық өндірілген өнімнің 79,5 пайызын ірі және орта өнеркәсіп орындары өндірсе, 13,9 па-йызы шағын кәсіпорындарға, 4,5 пайызы қосалқы өндірістерге тиесілі. Салалық құрылымда өңдеу өнеркәсібі жетекші орында. Оның үлесіне барлық қала өнеркәсібі өндірісінің 69,3 пайызы, электрмен жабдықтау, газ, бу беруге және ауа баптауға – 28,6 пайызы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылауға 1,9 пайызы тиесілі.
Облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.