Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Рәміздерге қатысты талап мүлтіксіз сақталуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Рәміздерге қатысты талап мүлтіксіз сақталуы тиіс

 Желбіреген көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз  тәуелсіздігіміздің басты өлшемі, елдігіміздің шынайы белгісі. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерді  әр азамат қастер тұтуы керек.

Мемлекеттік Ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның  ортасында шұғылалы күн, астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ал, тудың сабының тұсында ұлттық ою-өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн оның шұғыласы болса,  қыран және ою бейнесі алтын түстес. Және тудың ені мен ұзындығының ара-қатынасы  1:2 құрайды.  
Ал,  мемлекеттік  Елтаңба дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ, киіз үйдің жоғары күмбез тәрізді бөлігі  түрінде салынған. Шаңырақтың айналасында  күн сәулесіндей уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң  мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғары бөлігінде бес бұрышты көлемді жұлдыз, төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Мемлекеттік Әнұранға келетін болсақ, ол еліміздің музыкалық-поэтикалық белгісі ғана емес, сондай-ақ, әдеби-сазды төлқұжаты. Әрі мемлекеттік тілде орындалады.
Жалпы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Заңының конституциялық заң күшi бар. Сол себепті Ту, мемлекеттік Елтаңба  ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.  Сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тәртіпте ауыс-тырылады  немесе қолданыстан алынады. Мемлекеттік нышандарды жасау үшін   арнайы лицензия  болуы шарт.  Заңды бұзған жағдайда  Қазақстан Республикасының заңымен жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 418-бабына сәйкес ұлттық стандарт  талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік  рәміздерді, сондай-ақ, олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау, пайдалану және орналастыру әрекеті үшін жеке тұлғаларға елу мың, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға жүз мың, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз мың  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Аталған бап бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде тағы да осыны  қайталаған жағдай  орын алса, жеке тұлғаларға сексен мың теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға  жүз қырық мың, орта кәсіпкерлік субъектілеріне  екі жүз мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз мың  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл және салынады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 485-бабында мемлекеттік нышандарды пайдалану, мемлекеттік Әнұранды орындау  тәртібін бұзу ішкі істер органдарының құзыретіне жататынын атап өту керек. Ал, мемлекеттік нышандарды заңсыз пайдалану және Әнұранды  Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып  орындау  екі жүз мың  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі айтылған жайлар бойынша әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде бұл іс-әрекеттер тағы қайталанса, төрт жүз мың теңге айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде  
айыппұл төлейді.
Егер азаматтар мемлекеттік рәміздерді қорлайтын болса, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» 372-бабы бойынша екi мың теңге  айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Немесе түзеу жұмыстарына жіберіледі, не екі жыл бас бостандығынан айырылады.
Мемлекеттік нышандар әр азамат үшін қастерлі болуы керек. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздер мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі  екенін барынша түсініп,  тұмардай қасиет тұтқанымыз абзал.

Айгүл АҚТАЕВА,
Ақмола облысы бойынша  техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар