Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа қондырғы тиімді болып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа қондырғы тиімді болып тұр

Степняк қаласында көп қабатты тұрғын үйлер аз. Сондықтан, қыс айларында қаланың әлеуметтік нысандары мен үйлерін жылумен екі бу қазандығы қамтамасыз етеді.

 

Бұл бу қазандықтарының біреуі Абылай хан көшесінде, екіншісі қаланың орталығында орналасқан. Биылғы жылу беру маусымына дайындық үшін қаржы ерте бөлініп, жұмыс та ерте басталды. Бу қазандықтарын толық жөндедік. Былтырғы жылы орталық бу қазандығының үш қазандығын Қостанай қаласынан сатып алып, өз күшімізбен ауыстырдық. Бұған 25 миллион теңге жұмсалды. Екі экономмайзер орнатылып, су сорғыштары ауыстырылды. Биыл бу қазандықтары мен жылу құбырлары жүйесін жөндедік. Орталық бу қазандығы 351 абонентті, оның ішінде 17 заңды тұлғаны жылумен қамтамасыз етеді. Жылу маусымында 2790 тонна көмір жағылады. Экономмайзерлер жылудың шығындалуына мүмкіндік бермейді, отынды үнемдейді. Екінші бу қазандығына да жергілікті бюджет есебінен экономмайзер сатып алуды жоспарлап отырмыз. Жылу құбырлары жүйесінің ұзындығы 2,5 шақырымды құрайды. Былтыр екі ай бойы  3 бу қазандығын жақсақ, өзге айларда бір-ақ бу қазандығымен жұмыс істедік. Экономмайзер қарапайым құдықшалардан тұрады. Мұнда жылу сақталады. Оның су жүйесі газ есебінен жылытылады. Газ бұрын сыртқа шығатын. Екі айлық отын қорын дайындадық. Қалған көмір қыс айларында кезең-кезеңмен тасымалданады. Абылай хан көшесінде жылуды тұтынатын 341 абонент болса, оның жетеуі заңды тұлғалар. Мұнда да жылу маусымында 2790 тонна көмір жағылады. Жылу ақысы уақытында төленеді. Әр бу қазандығында 3 от жағушы, 2 күл шығарушы еңбек етеді. Еңбекақылары уақытында төленеді.

Аян НҰРМҰҚАНОВ,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар