Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пошта байланысы уақыт талабына сай жетілдіріліп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Пошта байланысы уақыт талабына сай жетілдіріліп келеді

Кейінгі кезде елімізде байланыс саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Мүмкіншілігі зор бүгінгі байланыс құралдарының игілігін қала, ауыл тұрғындарының түгел көруіне барлық жағдай жасалынуда.

 

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Оның ішінде қазіргі заманның ең озық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген пошта байланысы осы күні ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын маңызды салалардың біріне айнал-ды. Оның қызметін қарапайым халықпен бірге халық шаруашылығы, мемлекеттік басқару органдары да кеңінен пайдаланады.  Қазіргі кезде «Астана поштамт» Ақмола филиалы  пошта байланысының белді бөлімшесі болып табылады.
Филиал 13 аудандық, 2 қалалық пош-та байланысы тораптарынан және 198 бөлімшелерінен тұрады. Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 15 пошта бөлімшесі жұмыс істейді.  Жалпы, бұл бөлімшелер облыс бойынша бес жүзге жуық елді мекендерге қызмет көрсетеді. Жалпы, облыстық филиалдың пошта бөлімшелерінде бір мың екі жүзден астам адам жұмыс істейді. Жеткізу бөліміндегілер газет-журналдарды баспаханалардан жылдам алып, аудандық пошта байланысы тораптарына автокөлік және теміржол арқылы жеткізеді.
Сонау 1974 жылдың 9 қазанында Бүкілдүниежүзілік пошта одағы құрылып, содан бері осы күн кәсіби мерекеміз ретінде жыл сайын аталып келеді. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылдың тамыз айынан бастап біздің «Қазпошта» акционерлік қоғамы да осы одақ құрамына енген еді. Поштаның техникалық өрлеуі және дамуы сала жұмысына үлкен серпін әкелді. Пошта байланысы бұл күнде көптеген жауапты әрі маңызды қызметтерден тұрады. Хат-хабар, газет-журналдарды қабылдау, өңдеу және әртүрлі пошталық жеткізулердің көптеген түрлерін қамтиды. Бүгінгі таңда, «POST.KZ» пошталық және қаржылық қызметтердің ұлттық порталы жұмыс істеуде.
Дәстүрлі қызметтерге қоса, пошта байланысы кәсіпорындары қаржылық және агенттік қызметтерді де ұсынады. Атап айтқана,  салық, коммуналдық және тағы басқа да қажетті төлемдерді қабылдау, халықаралық пластикалық кәртішкені шығару, зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыны төлеу, аударылымдарды қабылдау, жеке және заңды тұлғаларды депозитке қаржы салуға тартуға, Ұлттық компаниялардың акцияларын сату бо-йынша «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысушы болып табылады және брокерлік, трансфер агенттік қызметін іске асырады. Пошта байланысы бөлімшелерінде банкілік есеп-шоттар ашуға, жаңа газеттерді, күнделікті қажетті тауарларды, лоторея, теміржол билеттерін сатып алуға, сондай-ақ, басқа да түрлі қызметтердің ақысын төлеуге  болады.
Барлық қызметтерді сапалы, әрі тез ұсыну үшін қазіргі заманға сай озық техникалар қажет. Сондықтан, пошта байланысының барлық тораптары және бөлімшелері компьютерлермен, электронды таразылар, хат жинайтын пошта жәшіктерімен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың соңында Көкшетау қаласында сәлемдеме супермаркетін ашу жоспарда бар. Онда адамдар өздеріне келген сәлемдемені осы супермаркеттен арнайы код арқылы еш кезексіз ала алады. Қазірдің өзінде облыс орталығында осындай екі
постамат ашылған. Бұл клиенттерімізге уақыт үнемдеуге әрі ұсынылған қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Біздің қызметіміздің халыққа жақындауы, пошта байланысы кәсіпорындары жүйелерінің кеңеюі, қызмет сапасының жақсаруы әрдайым бақылауда ұсталуда.
Пошта байланысы кәсіпорындары жүйелерін кеңейту, қызмет сапасын жақсартумен бірге,  поштаны жеткізу ісі де ерекше бақылауға алынған. Пошталық құжаттамаларды, хат-хабарларды қысқа мерзім ішінде сапалы өңдеу мен жеткізу – біздің негізгі мақсатымыз. Бұл – облыстық филиалдың барлық  бөлімшелерінің күнделікті жұмысы. Бұл орайда, «Қазпошта» халықпен тығыз жұмыс істейтіндігін сеніммен айтуға болады. Алдағы уақытта да пошта нарығын нығайтуға, клиенттерге пошта қызметін жақындата түсіп, жұмыс сапасының жоғарылауына баса мән беретін боламыз.
Пошта саласында  тәжірибелі аға буын өкілдерімен қатар, байланыс саласының қыр-сырын енді-енді ғана меңгеріп келе жатқан  жастар да бар. Оны соңғы жылдары ұжымға жас мамандарды тарту тұрғысындағы саясатымыздың жемісі деп білемін. Осылайша бүгінгі күні облыстық пошта байланысы қызметкерлері өз алдарына қойылған іргелі міндеттерді ойдағыдай орындап, қажырлы еңбектерімен саланың одан әрі дамуына сүбелі үлестерін қосып жүр деп ауыз толтырып айтуға болады.

Мұрат ҚАЗЫБЕКОВ,
«Астана поштамт»
директорының орынбасары,
Көкшетау қалалық пошта
байланысы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар