Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әркімнің жұмыс табуына жағдай жасалуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Әркімнің жұмыс табуына жағдай жасалуы керек

Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы өңірлік коммуникация қызметінің қолдауымен облыстық кәсіпкерлер палатасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың жәй-жапсары талқыланып, жиналғандарға осы мәселелер бойынша түсінік берілді.

Атап айтқанда, мәселе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Бүгінгі вакансиялар мен болжамды жұмыс орнын базаға енгізу үшін қажетті мамандық пен ваканттық жұмыс орны жөніндегі мәліметті ұсынудың әкімшілік есеп формасын бекіту туралы» бұйрығына қатысты болып отыр.
Аталмыш норманың қолданылуын жүзеге асыру және бизнес өкілдерінің бұл жағдайды теріс қабылдауына жол бермеу мақсатында өткізілген дөңгелек үстелге облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, басқармасы мен облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшыларының орынбасарлары, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шараны ашып, жүргізген облыстық кәсіпкерлік палатасы басшысының орынбасары Валентина Геращенко қолданыстағы заңнама нормаларына жете тоқталып  өтті.
– Мұнда палата сарапшылары кәсіпкерлік субъектілеріндегі әкімшілік есеп формасын ұсынатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін кейбір міндеттер қарастырылған деп есептейді. Аталмыш есеп формасы қалалық және аудандық жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті органға вакансия пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде беріледі. Бұл міндетті жыл сайын 1 сәуір мен 1 қазанның аралығында орындау қажет. Өйтпегенде бірінші рет 10 айлық есептік көрсеткіш, екінші рет 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған,–деді ол.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілгенін атап өткен жөн. Бұл кодекстің 16 бабы кәсіпкерлік қызметті ынталандыруды, оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуді қарастырады. Өңірлік палата өз тарапынан кәсіпкерлік орталықтар арқылы кәсіпкерлерге көмектерін көрсетеді.
Күн тәртібіндегі мәселе жөнінде сөз сөйлеген облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматулина биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап тұрғындарды жұмыспен қамту заңы күшіне енгенін айтты. Ата заңға сәйкес азаматтар мамандық таңдап, еркін еңбек етуге құқылы. Адам еңбегі қаналмауы тиіс.
Күштеп жұмыс істету соттың шешімі арқылы жүргізіледі. Жұмыс істегісі келген азамат алдымен жұмыс берушіге немесе жұмыспен қамту мекемесіне келеді. Мұндағылар оған бос жұмыс орнын ұсынуы тиіс. Одан әрі басқарма басшысының орынбасары ваканттық жұмыс орны бойынша мәліметті ұсынудың әкімшілік есеп формасын толтыру жөнінде түсінік берді. Есеп формасына жұмыс орны босағаны немесе жабылғаны жөнінде де ақпарат беріледі. Патентпен жұмыс істейтін адам есеп бермейді. Жұмыс беруші кәсіпорнын ұлғайтқаны немесе жаңа кәсіпорын ашқаны жөнінде ақпарат беруі тиіс. Бүгінгі таңда 21 мың адам жұмыссыз жүр. Басқарма мектеп түлектерін жұмысқа немесе оқуға тарту үшін жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуде. Осы бағытта бірқатар жастар өмірде өз орнын тапты. Әлеуметтік жұмыс орны вакансияға жатпайды. Бұл жұмыс берушінің қосымша ашқан
жұмыс орны.
Дөңгелек үстел барысында әрбір еңбеккердің зейнетақы қорына ай сайын ақша аударуы керектігі жөнінде айтылды. Аталмыш қорға қаржы аударылмайтын еңбеккер жұмысқа орналасты деп есептелмейді. Мүгедектер, асыраушысынан айырылған жасөспірімдер мен жазасын өтеп келген жандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы квота бөлінген. Басқарма еңбек нарығын реттеп отырады. Бұдан соң облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Жанат Ибраев осы бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар