Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкіметтік емес ұйымдардың уәкілетті органға өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну қажеттілігі жөніндегі хабарлама - АРҚА АЖАРЫ

Үкіметтік емес ұйымдардың уәкілетті органға өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну қажеттілігі жөніндегі хабарлама

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы 2015 жылғы 2 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының қызметі жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күшіне енгенін хабарлайды.
Осыған орай «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң ) 41-бабы 5-тармақпен толықтырылды, яғни, коммерциялық емес ұйымдар (бұдан әрі – КЕҰ), сонымен қатар, шетелдiк және халықаралық ұйымдар, жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны табу көздерi мен оны жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынып отыруы тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдардың мәліметтерді ұсыну тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерді ұсыну және олар туралы Дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы  19 ақпандағы №51 бұйрығымен реттеледі.
Жоғарыда аталған Қағидалармен және Әдістемелік ұсынымдармен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтынан (mks.gov.kz) танысуға болады («Заңнама» бөлімі, «Министрдің бұйрықтары» бөлімшесі, «ҮЕҰ» бағаны).
Осы ретте, уәкілетті органға КЕҰ-ның, сонымен қатар, шетелдiк және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерi) мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы, сол сияқты, анық емес немесе жалған мәліметтерді ұсынуы әкімшілік жауапкершілікті, оның ішінде үш ай мерзімге қызметін тоқтатуды қарастырады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабы).
Осы аталған жайларды ескере отырып, коммерциялық емес ұйымдарға  Заңның 41-бабы 5-тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін жоғарыда көрсетілген мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына тиісті ақпаратты ұсыну қажеттігін назарларыңызға саламыз. Аталған жайт ескерілмеген жағдайда коммерциялық емес ұйым қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар