Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнеркәсіпте өнім өндіру көлемі артты - АРҚА АЖАРЫ

Өнеркәсіпте өнім өндіру көлемі артты

2016 жылдың қаңтар-тамызында облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 243,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2 пайыз.

Өткен жылдың қаңтар-тамыз айымен салыстырғанда Егіндікөл (60,4 пайыз), Бұланды (75,9 пайыз), Ерейментау (85,8 пайыз), Атбасар (90,1 пайыз), Жарқайың (95,8 па-йыз), Целиноград (96 пайыз), Есіл (97 пайыз), Қорғалжын (98,9 пайыз) аудандарында өндіріс көрсеткіштерінің төмендеуі байқалды.
Ағымдағы кезеңде барлық өнімнің 73,9 пайызын ірі және орта өнеркәсіп орындары, 12,7 пайызын шағын, ал 8,8 пайызын қосалқы өндірістер өндірген. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 18 пайызын құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерде 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында 43,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 11,6 пайыз жоғары. Биылғы жылдың қаңтар-тамызында өңдеу өнеркәсібінде 163,7 миллиард теңгенің өнімі (тауарлар, қызметтер) өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 3,7 пайыз артық. Өңдеу өнеркәсібінің 26,2 пайызы тамақ өнімдерін өндіруге тиесілі. Нақты көлем индексі 116,4 пайызды құрады. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау қызмет түрінде 31,8 миллиард теңгенің өнімі (тауарлар, қызметтер) өндірілді. Сумен жабдықтау өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 1,6 пайызын құрайды. Кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 2016 жылдың қаңтар-тамызында 4 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 0,1 пайыз төмен.

Облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар