Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылымдық өзгерістермен бірге жұмыс та жақсартыла түсуде - АРҚА АЖАРЫ

Құрылымдық өзгерістермен бірге жұмыс та жақсартыла түсуде

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 14 тамызындағы Жарлығымен Қаржы министрлігінің құрамында мемлекеттік кіріс комитеті құрылған болатын. Жаңа комитетке салық, кеден және қаржы полициясы органдарының қызметін атқару жүктелді. Президент Жарлығына сәйкес комитеттің облыстық департаменттері құрылып, үш саланың жұмысы соған тапсырылды. Өткен екі жылдан астам уақыт ішінде жаңа құрылым қандай жұмыстар атқарды, нендей жетістіктері бар деген мәселе төңірегінде газетіміздің тілшісі Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Ерлан Хасеновпен әңгімелескен еді.

– Үш саланың қызметін біріктірген жаңа құрылым алғашқы жылы-ақ жақсы жұмыс нәтижесін көрсете бастады. Қандай табыс болсын алдымен, білікті мамандардың жұмысының нәтижесінде келетіні белгілі. Бізде сондай өз жұмысын жетік білетін білікті мамандар қызмет істейді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айының жұмыс қорытындысы бойынша облыстық бюджетке
66 миллиард 945 миллион теңге салық төлемдері түсті. Бұл болжанған жоспардың 115,6 пайызы. Өсім көрсеткіші 132 пайызды құрады. Кеден саласында да оң өзгерістер жүзеге асуда. Ең алдымен, кедендік рәсімдеу қызметінің сапасы мен жеделділігі  біршама артты. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы жартысында экспорттық декларацияны кедендік рәсімдеуге кететін уақыт 16 минутты, ал, импорттық рәсімдеуге бөлінетін уақыт 1 сағат 20 минутты құрады. Мұның бәрі кедендік рәсімдеу жұмыстарын электрондық нұсқаға көшіру және бірыңғай электрондық базаны енгізу сияқты өзгерістердің нәтижесінде қол жеткен жетістіктер.
Экономикалық қылмыспен күрес бағытындағы жұмыстар да белсенді жүргізіліп, жұмыс тиімділігі жақсара түсті. Экономикалық қылмыстарды анықтау қызметімен 888 миллион 445 091 мың теңге көлеміндегі шығын бюджетке қайтарылды.
– Еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отырған шағын және орта кәсіпкерліктің кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасау да мемлекеттік маңызы зор мәселе. Осы бағытта  қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Мемлекеттік кіріс комитеті бизнестің дамуына кедергі келтіретін түрлі төлемдерді алып тастауға немесе өзгертуге үнемі көңіл бөліп отырады. Бүгінгі күні жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу қызметі үшін алынатын жарна алып тасталды. Сондай-ақ, қосымша құн салығын тіркеуге алу рәсімі де өзгертілді. Ендігі уақытта бұл шара электронды нұсқада атқарылады. Кедендік рәсімдеу барысында есеп-шотқа ақша түскенін қазынашылық комитет арқылы бекіту жөніндегі міндеткерлік жойылды. Мұндай шара кәсіпкерлердің бір-екі күн уақытын жоғалтатын. Таяу болашақта екінші деңгейлі банктер арқылы кедендік рәсімдеу үшін аударылған ақша түсімін онлайн-режимде анықтау енгізілмек. Бұл бірнеше минуттың ішінде ақшаның түскендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кіріс комитетінің басты мақсаты – клиенттерге, оның ішінде бизнес өкілдеріне қолайлы жағдай жасау, қызмет түрлерін неғұрлым оңтайлы ету болып қала береді. Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы электронды кезек жүйесін енгізді. Мұнда адамдар енді  әрі кетсе он бес минуттың ішінде шаруасын бітіре алады. Мұның өзі адамдарды кезек күтіп уақыттарын жоғалту тауқыметінен құтқарады. Еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне орай, сырттан әкелінетін тауарларға салынатын кеден төлемінің көлемі біршама азайды. Бұл өз кезегінде ішкі рыноктағы шет ел тауарлары бағасының арзандауына игі ықпалын тигізбекші.  
–  Экономикалық қылмыспен, соның ішінде жалған кәсіпкерлік бойынша жасалатын заңсыздықтармен күрес қалай жүргізілуде?
–  Салықты айналып өтетін көлеңкелі экономика бюджет кірісін төмендетуге кері әсерін тигізеді. Көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – жалған кәсіпкерлік. Салық төлеуші кәсіпкер салықтан жалтару үшін түрлі заңсыздықтарға барады. Жалған кәсіпкерлік – сондай салықтан жалтарудың ең кең таралған тәсілдерінің бірі. Департаментте жалған кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтарушылармен күресетін арнайы топ қызмет етеді. Жалған кәсіпкерлік белгісі білінген жағдайда салық қызметі ондай материалдарды экономикалық қылмыс қызметіне жолдайды. Биылғы жылдың басынан бері осындай жалған кәсіпкерлікпен айналысып, заң бұзғандарға қатысты 10 қылмыстық іс ашылды. Мұндай қылмыстық істер сотта қаралып, сот шешімі шыққаннан кейін кәсіпкерлік субъектілерінің бюджетке келтірген залалы анықталады. Жыл басынан бері жалған кәсіпкерлікпен айналысқандардан бюджетке 238 миллион теңге қаржы өндірілді.
– Қазір еліміз бойынша мүлікті жариялау акциясы жүргізіліп жатыр. Біздің облысымызда осы бағытта атқарылған жұмыстың нәтижелері
қандай?
– Биылғы жылдың желтоқсанына дейін созылатын бұл акция заңдастырылмаған мүліктері және ақшасы бар азаматтарға үлкен мүмкіндік береді. Елбасымыздың өзі осы мүмкіндікті пайдаланып, еліміздің және шет елдердің аумағындағы заңдастырылмаған мүліктерін заңдастыру қажеттігін атап өткен еді.  Мүлікті заңдастыру арқылы оның иесі сол мүлкін еркін пайдалануына, ертең бұл әрекеті ашылып қалған жағдайда заң негізінде жауапқа тартылу қаупінен құтылуға мүмкіндік алмақшы. Одан түскен қаржы бюджетімізді толықтыруға игі ықпалын тигізеді. Яғни, бұл акция екі жақ үшін де пайдалы. Осы орайда, арнайы комиссия құрылып, мүлікті жариялау жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін облысымызда жалпы құны 10 миллиард
163 миллион теңге болатын 2622 нысан және 61 миллион теңге ақша заңдастырылды.

Әңгімелескен Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар