Облыс орталығындағы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен балабақшалар арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты қалалық байқау болып өтті.
Мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді, мәдениет пен тарихты және «Ұрпақ+» мәдени-білім беру бағдарламасын насихаттауға бағытталған іс-шараны ұйымдастыру және өткізуге арналған әлеуметтік маңызы бар жобаның шеңберінде өткен аталмыш байқауға «Айша», «Ақбота», «Арай», «Нұрай» сияқты жалпы саны жиырмаға жуық балабақшалардың бүлдіршіндері қатысты.
Нәтижесінде, қазақ топтары арасында өнерімен де, тіл білуімен де қазылар алқасын тәнті еткен «Жұлдыз» балабақшасы бірінші орынға ие болды. Жүлделі екінші орынды «Айша» балабақшасы жеңіп алса, үшінші орынды «Әсел» және «Арман» балабақшаларының топтары өзара бөлісті. Орыс топтарының арасында «Нұрай» балабақшасы ерекше көзге түсіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Ю.Гагарин» атындағы балабақшаның бүлдіршіндері еншіледі. Жүлделі үшінші орынды «Қарлығаш» және «Аленушка» балабақшаларының бүлдіршіндері бөлісті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Көкшетау қаласы.