Облыс орталығындағы Науан Хазірет атындағы орталық мешітте қайырымдылық дүкені жұмыс істеп келеді.
Әлеуметтік жағдайы нашар және аз қамтылған жандарға арналған бұл қайырымдылық дүкені Рамазан айында ашылды. Басқа дүкендерден басты ерекшелігі – мұнда тегін қызмет көрсетіледі.
Сауда орнына Көкшетау қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің тізімі бойынша алпыстан астам адам тіркеліп, азық-түлік, киім-кешек, тағы да басқа күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қажетінше тегін алады.
Мешіт қызметкерлерінің
айтуынша, дүкен жұмысы мешіттің өз қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ, өзге жамағат үшін де дүкен есігі әрқашан ашық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.