1 қазан елімізде Қарттар күні ретінде мерекеленеді. Оны бір күн емес, бір ай бойы атап өту, осы уақыт аралығында егде адамдар мен мүгедектерді барынша қолдау біздің өңірімізде де берік дәстүрге айналғаны қуантады.
Қарттар күніне арналған мерекелік шараға Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен Есіл ауданының құрметті адамдары шақырылды. Жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Аманбек Қалжанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Сәуле Ағымбаева олардың кәсіби жетістіктері мен жанкешті еңбектері үшін алғыстарын білдіре келіп, егде тартқан жастарына қарамастан жас буынды тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқандықтарын айтты. Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында аудандық мәслихаттың хатшысы Сәуле Ағымбаева, депутаттар Болатхан Мұхаметжанов, Леонид Репутацкий, Гүлнәр Кәрімовалар зейнеткерлер А. Цуренкова мен Р. Шуриктің үйлерінде болып, мерекелерімен құттықтады.
7 қазан күні аудандық ардагерлер кеңесі дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып «Энергетик» спорт кешенінде мүгедектер мен зейнеткерлер арасында «Надежда» аудандық спартакиадасын ұйымдастырды. Аталмыш шара барысында олар дойбы, шахмат, үстел теннисі, армрес-тлинг, дартс сияқты спорттық ойындар
ойнады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.