Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халық денсаулығын қорғаудың сенімді жүйесі - АРҚА АЖАРЫ

Халық денсаулығын қорғаудың сенімді жүйесі

Елімізде адамдардың денсаулығын жақсарту, өмір сүру жасын ұзарту мақсатында медициналық қызмет түрлерінің сапасын арттыруға баса көңіл бөлініп, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.  Ол азаматтардың денсаулығын сақтаудың бірден-бір кепілі болып келеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – денсаулық сақтау жүйесін дамытудың ажырамас бөлігі болмақшы. 2017 жылдан бас ауырып, балтыр сыздайтын болса емханаға сақтандыру белдігімен баратын боламыз. Себебі, келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.  Қазір оның қалай жұмыс істейтіні туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Дамыған елдерде денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі бізге қарағанда әлдеқайда жоғары. Бүгінде біздің елде адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 71,8 жас болса, 2020 жылға қарай 73 жас болады деп күтілуде. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі кезеңдегі жеткен жетістіктермен де мақтануға болады. Осыдан 10-15 жыл бұрын облыс көлемінде жүрекке ота жасалып, республикада адамның ағзаларын ауыстыру шаралары жүргізіледі деп ойламаған едік. Десек те, ел тәуелсіздігін алғалы медицина саласы да қарыштап дамып келе жатқаны қуантады. Сондықтан, міндеттелген тапсырмалардың шешімін құр жүйені ғана дамыту арқылы шығаруға болмайды. Адамдардың денсаулығына, өмір сүру ұзақтығына және оларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасына мемлекет пен жұмыс берушінің, азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігі қажет. Ол жоғарыда атап өткендей міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тікелей қатысты.
Аталмыш жүйе енгізілгеннен кейін адамдар өздерінің денсаулығына жауапкершілікпен қарайды деген үміттеміз. Өйткені, көптеген мемлекеттерде медициналық сақтандыру жүйесі бұрыннан жұмыс істейтіні белгілі және оларда бұл сала жақсы дамып қана қоймай, азаматтары да өздерінің денсаулықтарына аса жауапкершілікпен қарайды. Мысалы, Германияда міндетті медициналық сақтандырумен коммерциялық емес ұйымдар айналысады.  Ал, Литва бұл жүйеге 19 жыл бұрын көшіпті және азаматтары өздерінің кірісінің 9 пайызын сақтандыру қорына аударады екен.  
Бұл ретте, «өз денсаулығыңызды ойласаңыз, салымдар жасау керек» деген қағиданы қаперден шығармаған жөн. Әлем бойынша бұл жүйе қарқынды дамыған. «Медициналық сақтандыру науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, емдеуге мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды», – дейді Гарвард университетінің профессоры Майкл Рич. Шынында да клиникаларға барып ақы төлеп тұрмайсыз. Есесіне профилактикалық ем аласыз. Сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау саласының қаржысын мемлекеттік қазынашылық жүйеден шығаруға мүмкіндік береді.
Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Яғни, белгілі бір қорға жиналған қаражаттан азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетіледі.  Жаңа жүйеге сай жекеменшік емханалар да тұрғындарға есігін айқара ашады. Диспансерлік есепте тұрғандарға дәрі-дәрмек автоматтандырылған жүйемен беріліп, ауруларды басқару бағдарламасы жасалады. Жұмыссыздар, балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы әйелдер, зейнеткерлер, жалпы 12 категорияға кіретін жағдайлары төмен адамдарға Үкімет өз тарапынан төлемдерін төлеп тұрады. Күрделі, жедел көмек көрсету және санитарлық авиа-ция, екпе жасау сияқты шаруалардың бәрін Үкімет өз жауапкершілігіне алады. Енді профилактикалық тексеруден өткен соң анықтаманы емханадан емес, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алатын боламыз. Ал, тегін медициналық қызмет бұрынғыша мемлекет есебінен болады. Үкімет өз тарапынан бюджеттің  қаражатын бөледі. Ол қаржы жұмыс істемейтін адамдарға арналған болады және Үкіметтің Конституцияда берілген халыққа ақысыз көмегі сол күйі қалады. Келесі жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін жаңа жүйе Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйеніп әзірленген.
Еске салатын болсақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қарастырылған. Денсаулық сақтау саласында қаржылық тұрақтылықты нығайту мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың жауапкершілігіне негізделіп отыр. Яғни, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің денсаулығы туралы ойлайтын болады. Өйткені, еңбек ресурсы кез келген кәсіпорынның жетістігінің басты кепілі. Қазақстанда бүгінгі күні 5,6 миллионнан астам адам еңбек етуде. Олардың әрқайсысы үшін жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына қаражат аударып отыратын болады. 2017 жылдан бастап қорға еңбекақаның 2 пайызын аударса, жыл сайын бөлінетін қаражат 1 пайызға артып отырады. Сақтандырылған азаматтарға медициналық қызмет көрсету пакеті ұсынылады. Онда амбулаторлық-емханалық көмек, емханаларда емделу, дәрігерлердің қабылдаулары, лабораториялық қызметтер, диагностика мен манипуляция, стационарлық көмек, жоспарлы түрде ауруханаларда емделу, дәрі-дәрмекпен қамту шаралары тегін қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде медицина саласында сапалы өзгерістер орын алады деп күтілуде. Ең алдымен, емдеуші дәрігерлердің саны артып, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамту мен оңалту, паллиативті көмек пен медбикелер қызметі кеңейіп, жақсаратын болады. Осыған орай, Қазақстанның кез келген азаматы қашан, қай жерде болсын медициналық қызметті тегін әрі сапалы алатын болады.  

Михаил ДЕМИН,
Ақмола облыстық онкологиялық  ауруханасының дәрігері, сарапшы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар