Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сала жұмысын дұрыс жолға қояды - АРҚА АЖАРЫ

Сала жұмысын дұрыс жолға қояды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Doing Business» рейтингісінің аясындағы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізген болатын.

Осынау өзгертулер «Электр энергетикасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпанда бекіткен Электр энергиясын пайдалану қағидаларына енгізілді. Енгізілген өзгертулерге сәйкес электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу кезіндегі екі тәртіп алынып тасталды. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын табыстау мерзімі және энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылардың жобалық шешімдерін өзара келісу арқылы шешілетін уақыт мерзімі қысқартылды. Электрмен жабдықтауға арналған келісім-шартты жасау мерзімі де қысқартылды.
Бұдан басқа, электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту мен қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ, еліміздің электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерін осы индикатор бойынша Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізілгені белгілі. Атап айтқанда, заңға электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ, оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді деген толықтыру енгізілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің осы құзыретінің негізінде электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндері, сонымен қатар, оларды айқындау тәртібі әзірленді. Сайып келгенде осыған сәйкес энергия беруші ұйымдар өздерінің көрсеткіштерін есептейтін болады. Заңның 12-бабы энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің өкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерін асырмаудың міндеттілігімен толықтырылды.
Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын берудің тәуліктік кестесін орындау үшін қажетті көлемде электр қуатын сатып алу арқылы апаттық жағдайда істен шыққан қуаттарды алмастыруға міндетті. Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын апаттық жағдаймен істен шыққан қуаттар көлемінде сатып алуды өзге энергия өндіруші ұйымдардан да, жүйелік оператордан да соңғысымен жасалатын шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен апаттық жағдайларда өзара көмек көрсету туралы шарт шеңберінде жүзеге асыру заңмен көзделгенін атап өту қажет.
Осыған байланысты кодекс 300-1-бабымен толықтырылып, аталмыш бап бойынша энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетсе, энергия беруші кәсіпорынның лауазымды тұлғасына 125 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Ержан  ЕРТАЕВ,
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің облыстық аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар