Ауылдың мәдениет ошағында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты шара болып өтті.
Оған жергілікті білім ошағындағы педагогтар ұжымы мен ата-аналар қатысты. Дөңгілағаш негізгі мектебінің директоры Балапан Мұхамедкәрімқызы сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктер жөнінде атап өтті. Сондай-ақ, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген Нұрмағамбет Темешұлы, Сәуле Тоқпайқызы, Гүлсім Талапқызы, Әлия Балташқызы және Қалима Беркінбайқызы сияқты өнегелі ұстаздарды Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Қарт мұғалімдерге де сый-сияпат жасалды. Салтанатты шара қазақ тілі пәнінің мұғалімі Майса Хаджан мен жергілікті мәдениет ошағының ұйымдастырушысы Амантай Қасайынов даярлаған концертпен жалғасын тапты.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Зеренді ауданы.