Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Таудай талаптары сүйсінтті - АРҚА АЖАРЫ

Таудай талаптары сүйсінтті

Облыстық білім басқармасы және дарынды, өнерпаз балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы өзге ұлт өкілдерінің арасында   «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты  облыстық байқау ұйымдастырып, онда 13-15 жас аралығындағы оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл саясатының пәрменділігін арттырып, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету. Өнер бәйгесіне Атбасар, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Шортанды, аудандары мен Степногорск және Көкшетау қалаларының мектеп оқушылары қатысып,  бақ сынасты.
Қатысушылардың барлығы дерлік байқауға жүрдім-бардым қарамай, аса бір ыждаһаттылықпен дайындалып келгендіктерін аңғартты. Осы байқаудағы үміткерлердің қай-қайсысы болмасын өздерін сахнада еркін ұстады. Тілі жатық.          
Қатысушылардың әсіресе, төл дыбыс-тарды дұрыс айтуы, тілді шұбарламай, өз ойын жетік жеткізе білуі сияқты қарым-қабілеттері сараланды. Сахналық көріністеріне сай киім үлгілері, берілген уақытты тиімді пайдалануы, қазақ тілінде таза сөйлеуі қаперге алынды.
«Жүзден жүйрік озады жарысқанда» демекші, қазылар алқасының ұйғарымымен жүлделі І орынды Көкшетау қаласынан сынға түскен Елизавета Бибрих жеңіп алса, екінші жүлделі орынды зеренділік Виктория Клепцова иеленді. Екі бірдей үшінші орын Бурабай ауданынан келген  Тамара Погосян мен шортандылық Даяна Потапованың еншісінде. Байқаудың жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін асырған балаларға қазақтың қасиетті тілін құрмет тұтқан балғын жүректеріңнен айналдық дейміз біз де.    

Дина ШӘРІПОВА,
 дарынды, өнерпаз балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының көпшілік бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар