Ақтауда қазақ боксының атасы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлының жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өткізілді.
Осымен тоғызыншы рет өткізіліп отырған турнирде 49 келі салмақ дәрежесінде Ақмола облысының боксшысы Теміртас Жүсіпов топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды. Бұрын да талай рет байрақты бәсекелерде жеңіске жетіп, Азия чемпионы атағына ие болған Теміртасқа барлық ақмолалық бокс жанкүйерлері атынан жарайсың дейміз!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.