Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақша сұрап, тұтылды - АРҚА АЖАРЫ

Ақша сұрап, тұтылды

Полиция аға лейтенанты Ержан Бұқаев тегіс жерден сүрініп, өз болашағына өзі балта шапты. 25 жасқа жаңа толған жігіт қызмет баспалдағымен тәп-тәуір өсіп келе жатқан еді.

Бұл оқиға биылғы жылдың мамыр айының соңында кешкі уақытта орын алған. Облыс орталығындағы Куйбышев көшесінен Уәлиханов көшесіне бұрылған  «Фольксваген Гольф» автокөлігін жол патрулі тоқтатады. Автокөлік рулінде отырған Алексей Стороженконың көлік жүргізуге рұқсат  ететін куәлігі жоқ болып шықты. Жол патрульдері  М.Ғазизов пен К.Бейсембин Стороженконың құжаттарын тексеру кезінде оның өзі аздап сыра ішкенін жасырмады. Бұрын да осындай әрекеті үшін жазаға тартылып, бір жылға жүргізушілік құқығынан айырылған жігіттің әкімшілік жазадан құтылуы мүмкін емес еді. Дегенмен, осы арада іске взвод командирі араласты. Ол Стороженконы қызмет көлігіне шақырып, сонда отырып жеке әңгімелесті. Сол арада егер 60 мың теңге беретін болса, хаттама толтырмастан қоя беретінін жасырмай айтып салды. Жазадан құтылудың мүмкін еместігін көрген Стороженко амалсыз офицердің айтқанына келісуге мәжбүр болды. Дегенмен, ол қалтасында сонша ақшасының жоқтығын, өзі көрші Солтүстік Қазақстан облысынан келгендігін, ақшаны ауылынан әкеп беретінін айтты.
Заңды бұзып, өзіне тәуелді күйге түскен Стороженконың ешқайда қаша алмасын түсінген Бұқаев сол арада өзінің танысы  Диас Әзбергеновке телефон шалып, шақырып алды. Жұмыссыз бос жүрген танысын ол делдал ретінде пайдаланбақ болды. Оған істің жайын түсіндіріп, содан кейін Стороженкомен таныстырып, ақшаны сол арқылы алатынын ескертті. Сөйтіп, жолда жүру ережесін бұзған азаматты босатып қоя берді.
Әзбергенов бірден өзіне жүктелген міндетті белсене орындауға кірісті. Ертеңіне, одан кейінгі күні Стороженкоға қайта-қайта телефон шалып, ақшаны тездеп әкеп беруін талап етті. Мұның өзі зықысына тиген ол сол арада пара беріп заң бұзғанның орнына, парақор офицерді құзырлы органдарға ұстап беруге бел байлады. Осыдан кейін қаржы полициясына барып, болған жайды баяндап берді.
Ертеңіне кешкілік телефон шалған Әзбергеновке Стороженко ауылдан шығатынын, түнге қарай Көкшетауда болатынын айтты. Мұны естіп қуанған Әзбергенов Ақан сері көшесінің бойындағы «Союз» дүкенінің алдында кездесуді ұсынды. Түнгі сағат 12-ден асқан кезде Әзбергенов уәделі жерге келіп, Стороженкодан тиісті 60 мың теңге ақшаны алды. Сол кезде сау ете қалған қаржы полициясының қызметкерлері қолына кісен салып, бұлтартпас айғақ ақшамен қолға түсірді.
Таяуда Көкшетау қалалық сотының судьясы  А.Жұмабековтың төрағалығымен өткен сот отырысында  Е.Бұқаев пен Д.Әзбергеновке қатысты іс қаралып, екеуі сот шешімімен пара мөлшерінің алпыс есе еселенген көлемінде, яғни, 3583032 теңгеден айыппұл төлейтін болды. Сонымен бірге, Е.Бұқаев аға лейтенант шенінен  және өмір бойы жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар