Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астананың іргесіне «Софиевка» атауы лайық па?!. - АРҚА АЖАРЫ

Астананың іргесіне «Софиевка» атауы лайық па?!.

Жолым түсіп, Астананың төңірегіне сапарға шықтым.

Мен болған Софиевка елді мекенінде тұрғындардың басым көпшілігі өзіміздің ұлт екен. Ал, енді ауылдың аты Софиевка. Астананың іргесіне ол лайық па?!. Сөйлесе келе ауыл тұрғындарынан білгенім мынау.  Кешегі Кеңес заманында ауылда қолдан арақ жасап сататын София деген кемпір тұрыпты. Сол жердегі тың игерушілерге дейін әлгіден самогон сатып алып тұрады екен. Содан ауыл осылай аталып кеткен. Қазір мұнда соңғы есеп бойынша 2 мыңнан астам адам тұратын көрінеді. Бұрын кеңшар болған. Енді ауыл тұрғындары бұл ауылдың атауын өзгерткілері келеді. Бұл жөнінде елдің бас көтерер азаматтары тұрғындар жиынын да өткізіп, газеттерде мақалалар да жариялаған. Бірақ, мәселе әлі сағыздай созылып келеді.
«Қонақ аз отырып, көп сынайды» дегендей менің айтарым, мұндай ұлттық мүддемізге қабыспайтын, жөн-жосықсыз атаулардан тезірек құтылу керек қой. Осы бір жәй  елге келген соң да маза бермей, газеттеріңізге осы хатты жолдап отырмын.
Мұхамбеткәрім ҚОЖЫРБАЙҰЛЫ.
Маңғыстау облысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар