Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бестөбеліктер қуанышы - АРҚА АЖАРЫ

Бестөбеліктер қуанышы

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасына орай, «Қазақалтын» концернінің қолдауымен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Бестөбе кентінің тұрғындары тамаша тартуға ие болды. Концерн директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Джуманбаев бастаған басшылар осыдан төрт ай бұрын бестөбеліктердің алдында берген уәделерін орындады.

Сөйтіп, поселкелік амбулаторияға осы заманғы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген реаномобиль (УАЗ санитарлық машинасы), сандық флюорография қобдишасы сыйға тартылды. Бүгінгі таңда Бестөбе кентінде алты жарым мыңға таяу адам тұрады. Кент тұрғындарының басым көпшілігі осындағы алтын рудасын өндіретін концернде жұмыс істейді. Кеншілердің жұмысы оңай емес, әрине. Денсаулықтарына келетін залал-зардап та аяқ астында. Сондықтан, әрқилы ауру-сырқаудың да бас көтеруі әбден мүмкін. Бұған дейін кент тұрғындары сырқатқа ұшыраған адамдарды іргелес қалаларға, әйтпесе, облыс орталығына жеткізу үшін қиналатын. Енді міне, қордаланып қалған мәселе өңір басшысы Сергей Кулагиннің берген тапсырмасының арқасында бір-ақ күнде шешілді.
«Қазақалтын» концернінің бас директоры Евгений Балашевтың айтуына қарағанда, бүгінгі таңда концернде 1400 бестөбелік еңбек етуде. Кәсіпорын басшылары жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін қолдарынан келген көмек-жәрдемдерін жасап жатыр. Жұмысшы поселкесін абаттандырып, көркейту де қолға алынуда. Алдағы жылы әлеуметтік даму мақсатына бес жүз миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Сөз арасында осы жолғы медициналық құрал-жабдықтар 29 миллион теңгеге алынғандығын айта кетелік.  Қазіргі күні Бестөбе-Степногорск бағытындағы жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Келер жылы кент ішіндегі жолдарды жөндеп, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын абаттандыру межеленіп отыр.
Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев концерн басшылығына алғыс білдіре келе, мұның өзі алдымен жұмысшыларға жасалып отырған қамқорлық екеніне тоқталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, енді тұрғындарды жүз пайыз флюорографиялық тексеруден өткізуге мүмкіндік туып отыр. Бұған дейін Бестөбе кентіндегі стационарлық флюорография аппаратының сынып қалуы себепті кент тұрғындары тексерілу үшін өзге өңірлерге сапар шегіп қиналған болатын. Енді міне, қажетті жабдықтар өздерінде толық бар.
Кент тұрғындарының ризашылығын тудырған бұл жақсылық жалғыз болмас деп ойлаймыз. Әдетте, ізгілік лебі сейілмей, мол болушы еді ғой.
Нана АНТИДЗЕ,
Степногорск қаласы әкімінің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар