Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. - АРҚА АЖАРЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Жеделхатта дауыс беру нәтижелері ұйымға мүше елдердің А.Гутерришке деген зор сенімін көрсеткені атап өтілген.
«Бүгінде біздің алдымызда тұрған елеулі сын-қатерлерді ескерсек, бұл сенім вотумының маңыздылығы ерекше. Терроризм және экстремизмге қарсы күресу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, ядролық қаруды таратпау – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметінің басты мәселелері. Бұл бағытта белсенді түрде жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришке жауапты қызметінде табыс тілеп, еліміздің БҰҰ-мен тиімді өзара іс-қимылы одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Прают Чан-Очаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Таиланд королінің қайтыс болғаны туралы хабарды  Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Король Адульядетті парасатты басшы, мемлекеттеріміз арасында достық қатынастар орнауына және нығаюына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлға ретінде қазақстандықтар әрдайым есте сақтайды», – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.  
Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, өзінің және Қазақстан халқының атынан Прают Чан-Очаға, корольдің отбасы мүшелеріне және барша Таиланд халқына көңіл айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар