Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пилоттық жобаларда көп жеңілдіктер бар - АРҚА АЖАРЫ

Пилоттық жобаларда көп жеңілдіктер бар

Аудандық әкімдікте «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі»  акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Мұхамадиева басқарған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыс тобы өткізген отырыста ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп,  азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу үшін қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін кеңінен пайдаланудың жайы сөз болды.

 

Ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру мәселелері бойынша биылғы жылы бірқатар пилоттық жобалар қарастырылуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай кооперативтер негізінде сүт  қабылдау, отбасылық бордақылау алаңдарын ұйымдастыру жобаларын қаржыландыру үшін ауқымды қаржы бөлуде. Айталық, «Береке» бағдарламасы мал бордақылауға бағытталған.  Кепілдеме сомасы 3 миллион теңге мөлшерінде, өзге бес облыста 6 миллион теңгеге дейін барады. Сыйақы ставкасы 6 пайыз мөлшерінде, несие мерзімі 4 жылға дейін. Төлемақы бойынша жеңілдік кезеңі
6 айды құрайды. Ал, «Бірлік» бағдарламасы сүт өнімдерін қабылдайтын пункттер  ашуға бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша сүт қабылдайтын пункттер үшін қажетті құрал-жабдықтар, сүт таситын машина сатып алуға болады. Сондай-ақ, айналымдық капиталды толықтыру үшін де қаржы беріледі. Сыйақы ставкасы 6 пайыз мөлшерінде, несие алу мерзімі 4,5 жылға дейін. Жеңілдік мерзімі бір жылға дейін. Бір атап өтерлігі, ең ірі қаржыландыру  «Ынтымақ» бағдарламасы аясында қарастырылған.
Мәжіліс барысында  министрлік өкілдері  сүт  және тері қабылдау пункттерін құру арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтері негізінде Астананың азық-түлік нарығында өнімнің өзіндік құнын төмендетіп қана қоймай, жалпы салынған қаржының 1,5 жылдың ішінде қайтарымына қол жеткізуге болады дегенді алға тартты.  Мәселен, «Береке»,  «Егінжай»,  «Ырыс», «Бірлік» «Игілік» бағдарламаларының өзін-өзі ақтау мерзімі 3 жыл. Өйткені, кірістің  қашанда тез бола қоймайтыны белгілі. Мемлекет бұл жағдайда 30 пайыздық жеңілдікпен субсидия бөледі.
Целиноград ауданында  ағымдағы жылы әкімдік қызметкерлерінің күш салуымен
8 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Қараша айының соңында етті бағыттағы бағдарламаға ниет білдіргендер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңілдік қаржысын ала алады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қолдау және дамыту Елбасының «Қазақстан Стратегиясы-2030» және «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде» Жолдауын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ, бұрындары жұмыс істеп келген салалық бағдарламаларды біріктіріп, Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдап, дамыту тұрғысында  қолға алынып отыр. Мұнда қаржылық қарыздарды қайтарудың барлық жеңілдіктері қарастырылған.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Суретте: Айгүл Мұхамадиева.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар