Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіліміздің дамуы үшін аянып қалмаймыз - АРҚА АЖАРЫ

Тіліміздің дамуы үшін аянып қалмаймыз

Елдігіміздің негізгі нышандарының бірі – мемлекеттік тіл. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Адамдардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін дарыту мақсатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі игі жұмыстар атқаруда.

Аталмыш мекемеде мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілінде дәрістер мен байқаулар жиі ұйымдастырылады. Мәселен, бастауыш топта «Қазақшаң қалай?» атты сайыс өткізілді. Бұл байқауға аудандық аурухана мен емхананың қызметкерлерінен құралған топ қатысып, қазақ тілін қаншалықты деңгейде білетіндерін іс жүзінде көрсетті. Мемлекеттік тілді оқыту сабақтары қазақ фольклоры, қазақ әндері мен ертегілері және өлеңдерді меңгеру арқылы жүргізіледі. Аудан орталығында Зәмзәгүл Қуанышева жетекшілік ететін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Айналайын» клубы жұмыс істейді. Бұл бөлімде қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға, оны насихаттауға қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Балалар кітапханасындағы «Елім-ай» клубында жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру мақсатында көптеген игілікті істер жүзеге асырылуда. Атап айтатын болсақ, «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты ақындар сайысы, «Біздің еліміздің мақтанышы» тақырыбындағы өлкетану сабағы мен «Қазағымның дәстүрлері-ай!»  тәрбие сабақтары мектеп оқушыларына арналған. Сонымен қатар, «Елбасының халыққа Жолдауы» ақпарат сайысы, «Ғажайып қала Астана» атты суретшілер байқауы жас таланттарды анықтауға септігін тигізді. Ал, мемлекеттік қызметкерлер ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бюджеттік тестке қатысады. Биылғы жылы оған 350 адам қатысып, білімдерін айқындадық. Оның 48-і мемлекеттік қызметкерлер.  
«Көш жүре түзеледі» деген жақсы сөз бар қазақта. Осы жолда атқарып жатқан жұмысымыз оң нәтижелер беріп жатса, еңбегіміздің ақталғаны.

Орал ҚҰРЫМБАЕВА,
аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар